«Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің» шынайы саны қанша?
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Дәл қазір қазақстандықтардың 4,6 пайызы жұмыссыз. Яғни, 1 миллионға жуық тұрғын «екі қолға бір күрек» таппай жүр. Әрі ахуал жыл өткен сайын күрделене түсетін секілді. Себебі, енді жылда еңбек нарығына кемі 360 мың жас қосылғалы отыр. Сондықтан, Үкімет келер жылдан бастап қала, аудан әкімдерінің жұмысын жаңа KPI бойынша бағаламақ. Басты өлшем – халықты тұрақты жұмыспен қамту болады. Кейінгі жылдары елдегі жұмыссыздық көрсеткіші өзгеріссіз қалып отыр. Өйткені, биыл да шенеуніктер халықтың шамамен 5 пайызы жұмыссыз, деп есеп берді. Демек, дәл қазір Үкімет 1 миллионға жуық тұрғынға лайықты жұмыс ұсына алмай отыр. Оған өзін-өзі жұмыспен қамтыған 2 миллион адамды қосыңыз. Әрі, мәселе жақын арада шешілетін түрі жоқ. Себебі, болжам бойынша алдағы он жылда еңбек нарығына жыл сайын 360 мың адам қосылмақ. Сорақысы, жоғарғы оқу орнын бітірген түлектердің 30 пайызы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Ал, жұмыспен қамтылғандардың 3/1 бөлігі айлығын конвертпен алады. АСҚАР БИАХМЕТОВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі: Кейде талапкердің ҰБТ-дан жинаған балы қалаған мамандығына түсуге жетпей жатады. Сондықтан олар грантқа түсу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары мамандықты таңдайды. Яғни, тегін оқу үшін өзі қызықпайтын саланы меңгереді. Бірақ оқуын аяқтаған соң, сұранысқа ие салаға ауысады. Сондықтан, білім беру бағдарламасы еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беруге тиіс – деді вице-министр. Ол үшін оқу жоспарын жаңарту маңызды болып отыр. Яғни, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, инжиниринг сияқты салалардағы сұраныстарды ескерген жөн. Сондай-ақ, шет елдерде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғаудың өзектілігі арта түскен. ЕРБОЛАТ ӘБІЛХАТИН, ҚР Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы: Әрине, бұл бағытта да мәселелер жетерлік. Агенттіктер көбіне азаматтардан ақша алып, кейін шетелде қандай да бір проблема туындай қалса, қол ұшын созбайды. Елге қайтаруға көмектеспейді. Сондықтан, біз, олардың қызметін лицензиялау жайын көтеріп отырмыз. Ол саланы реттеуге мүмкіндік береді. Бастысы – келер жылдан бастап қала және аудан әкімдерінің жұмысы жаңа KPI бойынша бағаланбақ. Әсіресе, тұрақты жұмыс орнын құрып, тұрғындарды сол тұрақты жұмыспен қамтуға көңіл бөлінгелі отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Смотрите также
