3.6 Жолдармен жұмыс істеу. Жолдық функциялар [ПРАКТИКА]
Сәлем достар. Микрофонда ЕСЕНБЕКОВ КУРБАНАЛЫ. 10 сынып информатика 1-мысал. Qazaqstan Respublikasy сөзінен Qazaqstan және Respublikasy сөздерін жеке-жеке қатарларда экранға шығар. Respublikasy сөзі Respublika болып экранға шықсын. Әр сөздің қабатына бір бос орыннан кейін сол сөздің ұзындығын экранға шығар. 2-мысал. Баланың аты мен жасы жазылған ‘Асхат 16' жолы берілген. Асхаттың жасын 1 жасқа арттырып, нәтижені экранға шығар. 1-тапсырма. Сөздердің орнын ауыстыру* Латын әріптерінен тұратын жолда «monitor printer» сөздері берілген. Осы сөздердің орнын ауыстырып, баспаға бер. 2-тапсырма. Өшіру * Төмендегі мысалда көрсетілген нәтижелерді алатын программа кодын жаз. 3-тапсырма. Санды ауыстыру** Латын әріптерінен құралған “Qazaqstan-2030” жолындағы 2030 жылды 2050 жылға ауыстыр. Сөз бен санның арасы тиремен ажыратылған.