G
enby!

Қос батырға қос пәтер

#qyzylordatv Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен оның бапкері Ғабиден Райымбек бүгін су жаңа баспанаға ие болды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «қос батырымызға қандай құрмет көрсетсек те лайықты» деп Қазақ елінің мәртебесін арттырған спортшы мен оның жаттықтырушысына осындай сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ Айдос Сұлтанғалиға темір тұлпар табысталды. Сайыпқыран спортшының құрметіне ұйымдыстырылған салтанатты жиыннан тілші бейнематериалы. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы спортшыларымыздың ерлігі ел рухын көтеріп,ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор деп ерекше атап өткен болатын. Айдос Сұлтанғалиұлы жақында Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында араға 26 жыл салып,қазақ спорты тарихындағы теңдессіз жетстікке қол жеткізді. Айдостың тарихи жеңісі барша қазақ елінің, соның ішінде Сыр елінің мерейін үстем етті..Чемпионымызды мемлекет басшымыз арнайы құттықтап, «Айдос грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз» деп жоғары бағалады. Біз де барша Сыр жұршылығының атынан Айдос Сұлтанғалиұлын Әлем чемпионы атанып, тарихи жетістікке жетуімен шын жүректен құттықтаймыз. Аймақ басшысы бұл жеңіс жас балуандарымызға үлкен өнеге, еліміздің спортына серпін беретін жоғары жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ әрдайым қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді. Спортшының толағай табысқа жетуіне бапкерінің де үлкен үлес қосқаны белгілі. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Айдос бауырымыздың жеңісінің артында күн-түн демей еңбек еткен бапкері Ғабиден Райымбекұлының да табандылығы мен ерен еңбегі жатыр.Ол тек спортшыны ғана емес, батыр азаматты тәрбиелеп шығарды. Айдостың әрбір жеңісі бапкерінің маңдай терінің жемісі деп санаймыз.Қос батырымызға біз қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Бүгінгідей мерейлі сәтте барша Сыр жұртшылығының атынан Айдос бауырымзға, бапкері Ғабиденге жаңа пәтер кілттерін табыстауға және ҚорМұнай компаниясының қолдауымен сужаңа автокөліктің кілтін табыстауға рұқсат етіңіздер. Ел мерейін үстем еткен спортшыға деген қолдау жоғары. Грек-рим күресінің шеберіне ай сайын 1 миллион теңге стипендия беріледі. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ Батырымызды әрдайым қолдауымыз керек и қорғауымыз керек. Алдағы Олимпиада ойындарына қатысып,жеңіс тұғырынан көрінуіне барлық жағынан жан-жақты жағдай жасалатын болады. Иә, еңбек еткен жанның қашанда еңсесі биік. Ерік-жігер мен күш-қайратың сыналған қаншама жылдардан кейін келген жеңістің жөні бір бөлек. АЙДОС СҰЛТАНҒАЛИ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Енді бір сезініп жатқан сияқтымын. Жарыстан жақсы бір орын, нәтижеге жетіп осындай. Мемлекет басшысына, облыс әкіміне және ел ағаларына осындай сыйлықтарына рақмет.Бұндай сыйлық біздерді босаңсуға емес,керісінше алдыға жетелейді.Барлықтарына рақмет! Бұл жеңіспен тоқтамай, әлі Сыр өңірін, қазақ елін жақсы нәтижеге жетіп, қуантамыз деген сенімдемін.Он күндей демалып алсам, әрі қарай дайындықты қайтадан бастаймыз. Қос батырға баспана Сырдың сол жағалауындағы жаңа көпқабатты үйлерден берілді. Мерейлі сәтте Айдосты 17 жылдан бері жаттықтырып, қолдауын аямаған бапкерін сөзге тарттық. Жаттықтырушыға 3 бөлмелі пәтер сыйға берілген болатын. ҒАБИДЕН РАЙЫМБЕКҰЛЫ, А.СҰЛТАНҒАЛИДІҢ ЖЕКЕ БАПКЕРІ Әрине, қазір қуанышты сәттеміз. Еңбегімізді бағалап, облыс әкімі, ел ағалары құрметтеп, сый-сияпаттарын беріп, пәтер сыйлап, Айдос батырымызға пәтер жіне темір тұлпар мінгізіп жатыр. Қуанышымызда шек жоқ.Осымен тоқтап қалмаймыз. Бізде алда әлде де Олимпиада шыңы бар басқа да додаларда Айдос батырымыз тағы да жеңіске жетіпОлимпиада шыңын бағындырып, қазақтың көк туын желбіретіп, Сыр елін тағы да қуантатынына сенімдіміз. Спортшылардың қуанышын бөлісу үшін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет арнайы барып, ел ағаларымен бірге жаңа үйге құтты болсын айтып, шаңырақтан дәм татты. Ал ақ тілегін аямайтын ата-анасының қуанышы тіпті ерекше. СҰЛТАНҒАЛИ КЕУЛІМЖАЕВ – А.СҰЛТАНҒАЛИДІҢ ӘКЕСІ Баламыздың алған қонысы құтты мекен болсын.Ішінде өріп, өсе берсін!Ұрпақтары аман босын!Астына мінген тұлпары жүйрік болсын, рахаттарна пайдалансын.Осындай халқымыздың көрсетіп жатқан ықылас ниеттеріне Алла разы болсын! АПРИЗАТ ДӘРМАҒАМБЕТҚЫЗЫ - А.СҰЛТАНҒАЛИДІҢ АНАСЫ Атадан айтқан сөз бар ғой. Бота алғанша, бата ал деп. Бота бір жұттық, бата мың жылдық деген. Халқымның, елімнің беріп жатқан батасы қабыл болсын. Бұл қос спортшыны ғана емес, дүйім елді қуантқан күн болды. Көк туды биікте желбіреткен Сыр перзентіне деген көптің ықыласы ерекше. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv   Instagram -   / qyzylordatv   Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Смотрите также