Мопассанды аударған Бақтияр ата
#qyzylordatv «AMANAT» партиясының «Кітап – AMANAT» партиялық жобасы аясында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудармашы Бақтияр Мырзашпен кездесу өтті. Сырдария ауданы, Сәкен Сейфуллин ауылының тұрғыны бүгінде қазақ әдебиетінің құнды туындылармен толығуына үлес қосуда. «Таланттар ауылдан шығады». Шалғайда тұрса да, қажырлы еңбек, үлкен ізденістің нәтижесінде қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосып жүрген қаламгердің бірі – Бақтияр Мырзаш. Ол – "Әлем әдебиетінен аудармалар", "Қисық жол" және "Күйзеліс терапиясы" кітаптарының авторы. Әлем әдебиетіндегі үздік шығармаларды аударумен айналысатын 75 жастағы қаламгер компьютерді жетік меңгеріп алған. Ол ауылда алғашында электрик болып еңбек етіп, кейін клуб меңгерушісі қызметін атқарған. Ал алғашқы аудармасы 2012 жылы баспа бетінде жарық көріпті. БАҚТИЯР МЫРЗАШ, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ Кітап оқу барысында негізі жүйелеп, кітапты қарап, керек дұрысын, кітаптың бәрі жақсы дегенменде өзің таңдап оқитын болады екенсің.Сол кезде ойға қалдым. Оның ішінде шетел кітаптары бар. Одан жәймен жәймен орыс тіліне ауыстым.2.58.Бір-ақ нәрсе айқын сол аударған дүнием, әңгіме, басқа нәрсе болсын сол халыққа ой тастауы керек.Сондай ой болды менде. Сөйтіп соған сәйкестендіріп таңдап күшім жететін, жасыратын ештеңесі жоқ күшім жететін, аудара алам-ау деген дүниелерді аударып жүрдім. Ішінде Чехов бар, Шолохов бар, Ги Де Мопассан бар, Джек Лондон бар.Осылардың ішіндегі қазақшаға аударылып, халықтың қолына түссе, қазақ оқырманының қолына түссе,соларға қарап мына жері былай екен ғой деп ойға қалса, мен тек ол үшін қуанар едім. Сондай пайдасы тиіп жатса. Кездесу кешінде автордың кітаптары мен басылымдарда жарияланған мақалалары топтастырылған көрме таныстырылды. РАУШАН ҚҰЛМАХАНОВА, АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ӘДІСКЕРІ Бақтияр ағайымыздың біршама орыс жазушыларының, шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Аудармаларының барлығы жастарға үлгі болатындай, маңызы бар шығармалар. Ағамыз аударған шығармаларын кітапханаға тапсырды. Біз осы кітап бойынша мәдени шаралар ұйымдастырып жатырмыз. Негізгі мақсатымыз да жастарды кітап оқуға тарту. Осы кезге дейін қаламгер Ги де Моппассан, Магомед Гасан-Гусейнов, Михаил Шолохов, Максим Горький, Владислав Рубанов, Антон Чехов өзге де танымал шетел жазушыларының әңгімелерін тәржімалап, ойлы оқырманға үлкен олжа ұсынды. ҚАЛАМҚАС МОЛДАШ, ЖҰБАЙЫ Бұл кісінің табандылығы соншалық 70 жасынан бастап компьютер тілін үйренді. Өте табанды. Айтты ма, айтқан нәрсесін орындамай қоймайды. Бізге айтты ма, оны да орындатпай қоймайтын кісі. Онан кейін бүкіл ауылдың кітапханасын оқып бітірді. Бала жасынан бастап кітап оқиды. Таңертең 6-дан 7-ге дейін кітап оқып бастайды. Содан кейін барлық тіршілікті өзі жасайды. Үлкен бағы бар. Бақта жұмыс істейді, малы бар. Малға қарайды. Сонан кейін ол түстен кейін жұрт ұйықтап жатады, бұл кісі кітап қарайды. Телевидениеге қарап отырады. Содан кейін барлық жаңалықты айтып отырады. СЕРІК БАЙДӘУЛЕТОВ, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ Бақтияр Мырзашты 80 жылдардан бастап білемін. Сәкен ауылында завклуб болғанан бастап бірге дос болып араласып жүрдік. Бақтиыр өте жан-жақты қолынан келмейтін зат жоқ, жаңа айтып жатыр ғой музыкант, художник, құрылысшы деп. Бір сала жағынан айтып кетсем, музыкаға көп еңбегі тиді деп айтсам қателеспеймін. 70-80 жылдарғдағы С.Сейфуллин ауылынан шыққан көркемөнерпаздар үйірмесінің әншісі болсын, домбырашысы болсын, баяны, гитарашысы болсын бәрін Бақтияр ағамыз дайындаған. Кітаптың құндылығын түсініп, ұлағатын бойына жиған кейіпкеріміз бүгінде ел құрметтеген қазыналы қария. Аудармашының басты мақсаты да сол – мағыналы дүниені халыққа ұсыну, сол арқылы көпке ой тастау, жастарды кітапқа баулу. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook - / qyzylordatv Instagram - / qyzylordatv Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv