Парламенттік тыңдалым / Парламентские слушания 26.09.2025
26 қыркүйек сағат 14:00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жасанды интеллектіні дамыту» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің міндетін атқарушы Жаслан Мәдиев ұлттық жасанды интеллект экожүйесін дамыту туралы, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-да жасанды интеллект саласы мамандарын даярлау туралы баяндайды. Цифрлық дамуды реттеудің заманауи тәсілдері жөнінде Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева айтады. Ал Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық жерде жасанды интеллектіні қолдану туралы қосымша баяндама жасайды. Сағат 13:00-ден бастап Мәжіліс фойесінде денсаулық сақтау, білім беру, өнеркәсіп және басқа да экономикалық және әлеуметтік салаларда ЖИ қолданатын жобалардың көрмесі өтеді. __ 26 сентября в 14:00 в Мажилисе пройдут Парламентские слушания на тему «О развитии искусственного интеллекта в Республике Казахстан». И.о. министра искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев доложит о развитии национальной экосистемы искусственного интеллекта, министр науки и высшего образования Саясат Нурбек – о подготовке кадров по ИИ в вузах. О современных подходах по вопросам регулирования цифрового развития расскажет депутат Мажилиса Екатерина Смышляева. С докладом о применении ИИ в городской среде выступит аким Астаны Женис Касымбек. Кроме того, с 13:00 в холле будет работать выставка проектов, которые реализуются с применением ИИ в здравоохранении, образовании, промышленности и других отраслях экономики и социальных направлениях.