G
enby!

Әдеп кеңесі: Құмар ойынға қызыққан 20 қызметкер жұмыстан босатылды

#qyzylordatv Өңірде құмар ойынға қызыққан 20-дан астам шенеунік жұмысынан босатылды. Бұл мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланып, мемлекеттік қызметкершілердің жұмыс уақыты мен олардың жасанды интеллектті меңгеруі сөз болды. Құмар ойын құрдымға жібереді. Ал оған тәуелділік талай отбасыны ойран етті. Сондықтан оның алдын алу заңмен реттелуі тиіс. Яғни мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойынға қызығушылығы жұмысынан айырылуға дейін жеткен. Мәселен өңірде 20-дан астам лауазым иесі лудоманияның құрбанына айналған. ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ - ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ //1 мин. Құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу өзекті мәселе болып қала береді. Бүгінге дейін 20-дан астам мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылды. Қазір үшеуі сотта. Сондықтан бұл мәселені мұқият бақылауда ұстаңыз// Кеңес отырысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен ветеринария басқармасы басшыларының тыңдалды. Басқармаларды мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының, әдеп кодексінің сақталуы баяндалды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің артық жұмыс уақыты мәселесі де сөз болды. Жұмыс уақытынан кейін қызметкерлерге үстеме ақы төленбейді. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы еңбек заңнамасын сақтау керектігін баса айтты. ЕРЛЕГЕН МЕҢДАЛИЕВ – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ //Егер біреу артық жұмыс істеуге шақырылса, онда олар демалыс уақытын беруі керек немесе жинақтан қосымша ақы төлеуі керек. Тек екі нұсқа бар. Менің айтып отырғаным осы. Адамдар бізге келіп, демалыс уақытын сұрайды. Барлық тапсырыстар бізде. Бірақ қалғаны шынымен берілді ме, жоқ па белгісіз. Отырыста мемлекеттік қызметшілер арасында жеке этикалық нормаларды бұзу фактілері де қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының үш қызметкеріне «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту берілді. Егер олар қайтадан тәртіп бұзса, жұмыстан босатылуы мүмкін. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv   Instagram -   / qyzylordatv   Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Смотрите также