G
enby!

Олар Қазақстанға неге қарсы? | Сараптама

Демалыс күндері Құрама штаттарында ел тарихында бұрын-соңды болмаған наразылық шерулері өтті. Бас аяғы 2700 қала мен елді-мекенде жиыны 8 млнға дейін Америкалық NO KINGS! яғни корольдарға жол жоқ деген ұранмен митингтерге шықты. Шерушілер Американы қайтарамыз, демократияны қорғаймыз деген ниетпен шыққандарын айтуда. Яғни аңдағанымыздай бұл ел президенті Дональд Трамп пен оның ұр да жық саясатына қарсылық. Жә, бүгінгі қозғайтын тақырыбыз әсте бұл емес. Айдалағы америкалықтардың ішкі саяси мәселелелеріне Қазақстанда отырып бас қатыратын жөніміз жоқ. Бірақ сол қарсылық шерулері - Америкамен оның шегінен тысқары әлемдік саясат турасында тақырып қозғауымызға түрткі болып отыр. Неге десеңіз Дональд Трамптың түшкіргені жаһан жұртының тұрмыс-тіршілігіне әсер ететін заман туды. Әсілінде өз елімізде отырып, сырттағы саяси құбылыстарға қызыққымыз келмейді, бірақ сен саясатпен айналыспасаң саясат сенімен айналысады деген қағида қашанда өзекті екенін уақыт көрсетіп отыр. Қазір дүниедегі ақпараттық кеңістікте ҮШІНШІ ӘЛЕМДІК ТӘРТІП туралы көп айтылып жүр. Ол неғылған тәртіп және оны кім орнатып отыр, не үшін керек? – деген қарапайым ауыл шопырының сұрағы туындамай ма? Соған жауап іздеп көрейік. #білгендұрыс #жаңалықтар #сараптама #қазақстан

Смотрите также