G
enby!

Секта торындағы өмір: Сәләфилер қазақты қалай бөлшектеп жатыр?

Бүгінгі шығарылымда: Арнайы репортаждың бұл шығарылымында қазақ қоғамының жанын тырнап, мазасын алып отырған өзекті мәселе – радикализм мен діннен адасу тақырыбын арқау еттік. Кейіпкеріміз – Алмара Қайрат. Ол жас кезінде радикалды ағымның жетегінде кетті. Қара жамылып, тұмшаланып, ағымдасына тұрмысқа шықты. Балаларын да бүркеп, қоғамнан оқшауланды. Ата-анасынан алыстап, жалғыз мақсаты – тек «жәннаттық болу» еді. Мысырға барып, араб тілін үйренді. Бірақ… 15 жылдан кейін ғана көзі ашылды, көкірегі оянды. Қазір Алмара өзінің ауыр тағдыры жайлы сұхбат беріп, адасып жүрген қазақ қыздарының көзін ашуды мақсат етеді. Бұл репортажда біз сәләфилік ағымның шынайы бет-бейнесін, қазақ қоғамына қаупін, жат идеологияның қалай тор құратынын ашамыз. Егер мұндай тақырыптың жалғасын көргіңіз келсе, арнамызға жазылып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз! Сәләфилік ағым жайлы не ойлайсыз?

Смотрите также