G
enby!

ЖАМБЫЛДА ОҚУШЫЛАР СЫНЫПТАСЫН ӨЛТІРІП ҚОЙДЫ. БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІМЕН КІМ АЙНАЛЫСУ КЕРЕК?

Бүгінгі шығарылымда: Әскердегі әлімжеттік, енді мектептегі әлімжеттік белең алып бара жатыр. Жамбыл облысында оқу жылы басталғалы 3 бала құрдастарының қолынан қаза болды. Қатарластарының ұрып соғуынан қайтыс болған баланың анасы елден көмек сұрайды. Ең сорақысы баласын түн ортасында көшеге шығарып тұрып тепкіге алған құрдастары қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетеді деп отыр. Қазіргі жастар неге қатігез болып барады? Мектептегі буллингтің себебі не? Спорттан мәжіліске келген депутат Ардақ Назаровқа қатысты тағы да дау шықты. Желіде депутаттың жоғарғы біліміне қатысты шу шығып жатыр. Депутат бір жылда бірнеше университетті аяқтағаны күдік тудырып жатыр. Тіпті дипломды сатып алған деген әңгіме тарады. Назаров бұл сынға да назар аудармайды ма? Қырағы журналист тіпті ғылым және жоғарғы білім министрлігін басқарып отырған министр Саясат Нұрбекке қатысты тың ақпарат тауыпты. Сөзінше білдей министрдің тек бакалавр дәрежесі бар дегенді алға тартып отыр. Ақпардың апта басындағы шығарылымын осындай ақпараттармен бастамақпын. Армысыздар.

Смотрите также