“МЕН ТІРІМІН” • Елдос Жұмаділдә | Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы | Жасұлан Әбдрахман
ZHUMA PODCAST жобасының кезекті шығарылымы көптен күткен Нұрсұлтан Ұстазымызбен бірге. Подкастымыздың кезекті шығарылымында Нұрсұлтан Ұстаздың көлік апатынан кейінгі оқиғасы,қал жағдайы жайлы халыққа бір айтылып өтті. Бұл шығарылымда, Мәуліт айы ,Мәуліт айының маңызы,Пайғамбарымыз(с.ғ.с) еске алудың маңызы,салауат жайлы керемет әңгімелермен хадистер айтылды. Сира кітабы,кітабтың құндылығы жайлы айтып өттік. Қазіргі таңда кең таралған,балаға ат қою мәдениеті,Аллаға ең сүйікті болған есімдер. Жұма намаз,жұма намазының әдебі,жамағатқа Нұрсұлтан ұстазымыздан үндеу айтылды. Подкасттың соңғы бөлігінде Намаз оқу,намазды қалай қаза етпей оқу жайлы лайфхақтар жайлы әңгіме қозғалды. Осы және басқа тақырыптар жайлы ой түйіп,санаңыздағы сан алуан сұрақтарға жауап алғыңыз келсе подкастты соңына дейін тамашалаңыз!