G
enby!

Шымбұлақтағы шу

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Конституциялық Сот "Шымбұлақ" шатқалына бензинмен жүретін автокөліктердің кіруіне шектеу қоюдың заңға сәйкестігін тексереді. Өйткені Алматы тұрғыны тыйым адам құқығын бұзып, электромобиль иелеріне артықшылық береді деп есептейді. Сондықтан азамат қаулыны қайта тексеру үшін ведомствоға өтінім берген. Айта кетейік, Алматы әкімдігі 2023 жылы наурызда Шымбұлаққа автокөлік кіруіне шектеу енгізу туралы шешім қабылдаған болатын. Мекеме мәліметінше, бұл көлік жүктемесін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ , тілші: Шымбұлаққа келсеңіз, алдыңыздан осындай эко-такси күтіп алады. Адам басына - мың теңге. Өйткені мұнда тауға бензинмен жүретін көліктер кірмейді. Жауаптылардың айтуынша, бұл - табиғатты қорғаудың бір тәсілі. Тау бөктерінде жанар-жағармайдың емес, тек таза ауа мен қалың шыршаның хош иісі сезілуі тиіс дейді. Дегенмен мұндай талап азаматтардың құқығын шектемей ме? Дәл осы сұрақтың жауабын енді Конституциялық Сот іздейді. Өйткені алматылықтар әкімдіктің 2023 жылғы Шымбұлақтағы көлік жүктемесін азайту туралы қаулысына наразы. Құқығымызды шектеп, электромобиль тізгіндегендерді алға шығарып отыр деп санайды. Тіпті кей азаматтар үйімізге жету үшін көлігімізді айдалаға қалдырып кетуге мәжбүрміз дейді. Ал заңгерлер ерекше қорғауға алынған орындарға қандай да бір шектеу енгізу ешкімнің құқығын таптамайтынын алға тартады. Бұл ереже заңда да нақты көрсетілген дейді. ҚУАТ АУҒАНБЕК, Заңгер Егер Конституцияның белгілі бір заңдарына сүйенсек, бұл әлеуметтік екіге бөлу сияқты болып есептеледі. Құқықтық жағынан бәрі бірдей ғой. Бензинмен жүрсе де, электромобильмен жүрсе де. Бірақ Жер қатынастары заңдарына сай таулы жерлер, курорттық жерлер ерекше қорғалуға сай объектілер қатарына жатады. Сондықтан ондай жерлерге шектеу қойылуы мүмкін деп жазылған. Бұл заңда бар. Дегенмен нақты шешімді Конституциялық Сот қабылдайды. Тексеріс нәтижесі ведомствоның ресми сайтына жарияланады. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также