G
enby!

Ақтөбеде облысында газ құю бекеттерінің басшылары шу шығарды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Ақтөбеде облысында газ құю бекеттерінің басшылары шу шығарды. Шалғайдағы аудандарды сұйытылған отынмен қамтып отырған кәсіпкерлер банкрот болып, тапшылық туындайды деп отыр. Себебі, жаңа бұйрыққа сәйкес бір айда 20 тонна сатпаған бекеттерге газ мүлдем берілмейді. Ұсақ станциялардың иелері бұл норманы орындау мүмкін емес деп ашынады. Сондықтан олар жауапты ведомстводан құжатты қайта қарауды сұрайды. Тығырыққа тірелген аудандық 30-ға жуық кәсіпкер ауданнан облыс орталығына арнайы келді. Барлығы жаңа заңға өзгеріс енгізілсін деп отыр. Өйткені, алыс ауылдардағы газ құю бекеттері банкрот болудың алдында тұр. Егер жабылатын болсақ аймақтың тұрғындары газ таппай, тапшылық туындайтынына сенімді. ҒАЛИАСҚАР ЗАЙМОЛДИН, кәсіпкер: Күз мезгілі, жауын шашын мал азығын дайындайды. Ойыл ауданында айтатын болсам бір аптадан артық уақыт мүлдем газ жоқ халықта. Ойылда төрт газ құю станциясы бар. Төрт газ құю станциясына төртінші тоқсанға тек қана 36 тонна бір газ құю станциясына газ бөліп отыр. Қалған үш газ құю станциялары жұмысын жалғастыру мүмкіншілік жоқ. Кәсіпкерлердің айтуынша, сұйық отын алдымен көтерме жеткізуші газ толтыру ірі станцияларына бөлінеді екен. Бұл заңға қайшы дейді. Олар әлеуметтік газ бірінші кезекте халыққа тікелей қызмет көрсететін бекеттерге берілуі керек деп отыр. ҚАНАТ СЫДЫҚ, кәсіпкер: Шалқар ауданында 8 газ құю бекеті бар. Соның алтауы газсыз қалып отыр осы айдан бастап. Министерство энергетика протоколы бойынша ай сайын бөлінеді. Бірақ ол реализацияға байланысты. Реализация көп болу үшін біз газды көп сатуымыз керек. Ал бізге аз беріледі Сондықтан барымызды сатамыз да газсыз отырамыз. Ал, мамандар сұйытылған мұнай газы энергетика министрлігі бекіткен ереже бойынша бөлінетінін айтты. Бірақ кәсіпкерлердің мәселесін жауапты ведомствоға жеткіземіз деп сендірді. АЛМАС САЛЫҚБАЕВ, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы: Өзгеріске сәйкес, бұрында газды автокөлікпен тасымалдау кезінде 5 тоннадан жоғары беретін болса, сол кәсіпкерге алуға мүмкіндік бар еді. Қазіргі таңда энергетика министрлігі осы бұйрыққа өзгеріс енгізіп, 20 тоннадан кем газ алынған жағдайда кәсіпкер, газ бөлінуіне ережесіне сәйкес қатыса алмайтыны анықталған болатын. Қазіргі таңда қазан айында 28 кәсіпкеріміз распределениеге кіре алмай қалды. Шенеуніктер аймақта газ тапшылығы бар дейді. Себебі, соңғы үш жылда газбен жүретін көліктер саны үш есеге артқан. Сондықтан басқа өңірдегі зауыттардан газ алу мәселесі қарастырылады дейді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также