Қазақстандықтардың кепілсіз несие алуына шектеулер енгізілмек
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Қазақстандықтардың кепілсіз несие алуына шектеулер енгізілмек. Банкке ай сайын төлейтін қарызын 30 күнге, ал микрокредитін 24 сағатқа кешіктіргендерге енді кредит берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі әзірлеген заң жобасына сәйкес, берешегі кешірілген немесе жеңілдетілген азаматтардың да кепілсіз несие алуына тыйым салынбақ. Ал бұған халық не дейді? Экономистердің пікірі қандай? Әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Жуырда телефон мен басқа да затты кредитке алу қиындауы мүмкін. Елімізде кепілсіз несиеге деген талап күшейгелі отыр. Қаржы нарығын реттеу агенттігі тұтынушылық кредиттердің өсу қарқынын тежейтін жоба әзірледі. Ол күшіне енсе, ай сайынғы төлемін кешіктіргендерден бөлек, қарызын немесе пайызын банк толық кешіргендерге, ақшасы жетпей несиесінің шарттары жеңілдегендерге бұдан былай тұтынушылық кредит берілмейді. Жобада соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің коэффициентін ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделеді, бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және қайта дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді. Экономистер мұндай шектеудің болғанын құптайды. Бірақ бұл шараның салдарынан банк несиесі азайғанмен, микрокредит санының өсу қаупі болады дейді. БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, экономист: Бірінші кезекте банктерге ол табысының басым бөлігінен айырылу қаупін тудырады. Маржасының басым бөлігі осы тұтынушылық несиеден түскендіктен банктер өзінің несиелік портфелін қайтадан қарастыруы мүмкін. Екінші кезекте бұл қосымша пайыздық ставкалардың, көрінетін-көрінбейтін комиссиялардың орнатуына мүмкіндік беруі мүмкін. Ал халықтың бірі кепілсіз кредиттерге шектеу қойған дұрыс десе, енді бірі мұны тығырыққа тіреу деп санайды. Айта кетсек, бүгінде 9 миллион қазақстандықтың кредиті бар. Төлейтін жалпы сома 24 триллион теңгеден асады. Қарыздың басым бөлігі кепілсіз тұтынушылық несие түрінде берілген. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық