G
enby!

Қазақстандық сауда желілерінде арзан тауарларға толы сөрелер пайда болды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: https://www.youtube.com/@informburo31...
--------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Бүгін еліміздің барлық үлкен сауда желілерінде арзан тауарларға толы сөрелер пайда болды. Супермаркеттерден бөлінген бұрышқа ет, көкөніс пен жеміс-жидектер қойылған екен. Өнім шаруалардан тікелей жеткізілген. Сондықтан бағасы әлдеқайда арзан. «Информбюро» тілшілері де ірі сауда орындарындағы қолжетімді азық-түліктің сапасын көріп, көптің пікірін тыңдап қайтқан еді. Олай болса өздерін тыңдайық. Астанадағы 165 сауда нүктесіне бүгін арзан азық-түлік өнімдері қойылды. Бұл жерде әлеуметтік маңызы бар ас-ауқаттан бөлек, тұрғындарға қажетті түрлі тауарларға жеңілдік жасалған. СЕРІК ДӘРМЕНҰЛЫ, тілші: Министрлік екі апта бойы жарнамалап, халыққа жар салған «Береке фест» акциясы бүгін басталды. Қазір тауарларын қарап шықсам – міне, ет бар екен, бағасы 3 335 теңгеден. Сапасы жаман емес сияқты. Бұдан бөлек жеміс-жидек пен көкөніс те төмен бағамен қойылған. Дегенмен, қағазда құны арзан болғанымен, сапасы халықтың көңілінен шыға ма? Оны уақыт көрсетеді. Ал әзірге жауапты ведомство бұл науқан қазан айының соңына дейін жалғасады деп отыр. ЕРНҰР ЖӘУТІКБАЕВ, ҚР СИМ сауда комитеті төрағасының орынбасары: Бүгінгі күні 80-ге жуық сауда желілері қатысады. Қазақстан бойынша қатысып жатыр. Бұл бізде 25 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында бұл акция жүреді. + Ең басты мақсатымыз халыққа қолжетімді арзандатылған бағада біздің отандық тауар өндірушілердің тауарларын жеткізіп беру. Арзан өнімді азаматтар да ұзақ күткен сияқты. Бағаның арзандауына фермерден дүкенге дейінгі тікелей жеткізу мен сауда үстемесін азайту себеп болған. Сөйтіп делдалсыз келген өнім қазір халыққа арзан бағада ұсынылуда. Мәселен, шаруалар етті 2 900 теңгеден өткізсе, дүкен сөресінде ол 3 335 теңгеден сатылып жатыр. Ал ең қымбаты – 3 800 теңгеден аспайды деген келісім бар екен. МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗ,тілші: Маңғыстау облысында Береке фестке 50 сауда орны қатысып жатыр. Бұл жерлерде макарон өнімдеріне сұраныс жоғары дейді сатушылар. Тиімді бағада сиыр етін алып жатқандар да көп. Супермаркеттің өкілдері алдағы уақытта арнайы бұрышта сауда қыз-қыз қайнайды деп сенеді. Өйткені, алғашқы күннен бастап науқанды естіп, азық-түлік алуға келгендер аз емес. НҰРГҮЛ ТӨРЕЕВА, сауда желісінің менеджері: Бізге қазір Ақтөбе қаласынан келеді ет. Ондай ешқандай проблема туындап жатқан жоқ. Әлеуметтік тауарға кіретін сиыр етінің бағасы 2850 теңгеден. Бізде әлеуметтік тауарға кіретін 19 түрлі позиция бар. Оның ішінде күріш, гречка барлығы бар қант та. Мамандар сауда нүктелерінің іші-сыртына жарнама ретінде үлкен баннерлер іле бастады. Басты мақсат тұрғындарды науқан туралы хабардар ету. Мендегі бар ақпарат осы. Руслан, еліміздің солтүстігінде жағдай қалай? Науқанды естігендер көп пе? РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: Ал, Солтүстік Қазақстан облысында бұл науқан туралы көп адам естімеген сыңайлы. Себебі, арнайы бұрышқа келіп, азық-түлік алып жатқандардың қарасы аз. Ірі сауда орындарында қой, сиыр және құс еті, макарон өнімдері, жеміс-жидек пен көкөністер қойылған. Одан бөлек, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың түр-түрі бар. ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ, СҚО сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары: Супермаркеттер өнімді өз алған бағасына сатып жатыр. Үстіне қосылған үстемеақылары жоқ. Керісінше баға төмендетілген күйінде тұр. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: Жауаптылар мұндағы баға өзге базар, дүкенмен салыстырғанда 10-15 пайызға арзан екенін айтады. Нақтырақ айтсақ, картоптың келісі 115 теңге, 10 дана жұмыртқа 420 теңге, тауық еті 1000-1200 теңге, күріштің келісі 420 теңге. Ал, күнбағыс майы 735 теңге тұрады. Азық-түлік таусылып жатса, тұрақтандыру қорлары мен шаруа қожалықтарынан тікелей жеткізіліп отырады. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также