G
enby!

7 БАЛАСЫ БАР АНАҒА ҚАЗАҚСТАНДА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН?!

«Штат беріңіз» деген бір ауыз сөз – Гүлмира Оташаева үшін соңы қудалауға, қысымға, әділетсіздікке ұласқан ауыр күреске айналды. Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталығында 2018 жылдан бері адал еңбек етіп жүрген көпбалалы ана тек өз құқығын талап еткені үшін басшылықтың көзтүрткісіне айналған. Штаттық бірлік үшін Астанаға барып, бұйрық шығартқаннан кейін басталған қысым – енді еңбек дауына айналып отыр. Ал кадр бөлімінің басшысы мен орталық директоры неге көпбалалы ананы тұқыртуға тырысып жүр? Олар кімнің мүддесін көздейді? Неге құзырлы органдар бұл бассыздықты бақылап отырған жоқ? Бұл шығарылымда қарапайым қызметкердің әділет жолындағы тартысын көрсетеміз. Бұл – бір ананың ғана емес, жүйеге қарсы тұра алатын кез келген адамның күресі. Егер сіздің де күрмеуі қиын мәселеңіз болса немесе жанайқайыңызды жеткізгіңіз келсе, Жүйе подкастына қатысуға шақырамыз. Біз сіздің оқиғаңызды тыңдап, қоғам назарына ұсынуға дайынбыз. Біздің байланыс нөміріміз: 8701 186 38 38 © Жоба ақылы. Демеушімен төленген. Ескерту: Бағдарлама барысында кейіпкерлердің айтқан пікірлері мен көзқарастары Айгүл Орынбек - LIVE YouTube арнасының ұстанымын білдірмейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы «Масс-медиа туралы» заңына сәйкес, сұхбат берушілер өз мәлімдемелерінің дұрыстығы және мазмұнына толықтай өздері жауапты екенін ескертеміз! Қосылыңыз. Қараңыз. Қолдаңыз. Шындықты бірге табайық!

Смотрите также