ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ 4 АЙДАН БЕРІ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖАНАЙҚАЙЫНА НЕГЕ ҚҰЛАҚ АСПАЙДЫ?
«Жүйе» подкасында балалар үйірмелері саласындағы былық пен бәсекесіз тендерлердің беті ашылады! Бұл жолы «Жүйе» ақпараттық алаңында қоғамды толғандырған жаңа тақырып – балалар үйірмелерінің тағдыры сөз болады. Бағдарлама қонақтары — «ART SPORT EDU Жеткізушілер қауымдастығы» бірлестігінің төрағасы Гүлжан Тусибиянова мен кәсіпкер Раиль Файзулин. Олар Қазақстанның 6 өңірінде пилоттық режимде жүзеге асып жатқан жоба төңірегіндегі заңсыздықтар мен әділетсіздіктерді ашық айтты. Шымкент әкімдігі неге 4 айдан бері кәсіпкерлердің жанайқайына құлақ аспай отыр? Ғабит Сыздықбековтің кеңесшісі Евгений Щербатовтың компаниясы миллиондаған тендерді қалай бәсекесіз ұтып жүр? Әкімдік ай сайын бұйрық пен талаптарды өзгертіп, өзіне ыңғайсыз кәсіпкерлерге қысым көрсетіп отыр ма? Бұл шығарылымда жүйелі жемқорлықтың жаңа қыры мен балалардың болашағына балта шабатын шенеуніктік шешімдердің астары айтылады.