Шымкентте оққа ұшқан Руслан Берденов алғаш рет сотта жауап берді
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Шымкентте оққа ұшқан Руслан Берденов алғаш рет сотта жауап берді. Кезекті процеске онлайн қосылған қала әкімінің орынбасары айыпталушының бар айтқанын жоққа шығарып, өзіне жала жабылғанын детектрмен дәлелдеуге дайын екенін жеткізді. Шенеунік қанды қылмысқа әйелді араластыруы "өте төмен әрекет" деп отыр. Кешірім бермеймін деген ол Ернар Жиембайды қолымен істегенді мойнымен көтеруге шақырды. Ал, прокурор судьядан айыпталушыға 11 жыл 3 ай түрме жазасын сұрады. Толығырақ сот отырысына қатысып келген әріптесім Назерке Үкібасова айтып берсін. Бүгінгі сотта Руслан Берденов алғаш рет сөз алып, прокурордың сұрақтарына жауап берді. Процеске онлайн қатысқан шенеунік Ернар Жиембайдың әйелін танымайтынын айтады. Кабинетте ешкімді балағаттаған жоқпын деген жәбірленуші айыпталушының осыған дейін айтқан сөздері жалған деп отыр. Ер жігіт болсаң өзіңе бала туып берген әйеліңді бұл сасық әңгімеге қоспайтын едің. Бұл ер жігіттік емес. Сендердің мақсаттарыңды мен білемін. Мен сіздің келініңізді танымаймын. Көрмегенмін. Ешқандай да лайк та баспағанмын. Ешнәрсе жазбағанмын да. Өзімнің құдайға шүкір бала-шағам бар, отбасым бар. Шенеунік «Тұрғын үй Шымкент» компаниясына инстаграм арқылы бірқатар шағым түскенін айтты. Мердігерлердің тендерсіз жұмыс істегенін естіп, серіктестік басшысын жауап алуға шақырдым дейді. Бірақ, ол бюджет қаржысының есебін сол күйі бере алмағанын жеткізді. Тұрғын үйде тазалық болмады. Кемшілік бар. Бәлкім Жиембайға ақылшылар ақыл айтқан шығар. Қазір мемлекет қаржысын жымқырғаның үшін 12 жылдан көп аласың немесе қызғаныш үшін 12 жылдан аз аласың. Осындай айтылған. Меніңше ол екінші вариантты таңдады Қанды қылмыс болған күнді еске алған жәбірленуші өзіне үш емес төрт оқтың тигенін айтты. Отаға дайындалып жатырмын деген шенеунік арқасынан 61 бытыраның сол күйі алынбағанын, өкпесінің 20 пайызы жойылғанын да мәлімдеді. Ал,Ернар Жиембай бұл қадамға шенеунікті қорқыту үшін бардым деп отыр. ЕРНАР ЖИЕМБАЙ, айыпталушы: Менің адам өлтіру пиғылым болған жоқ. Денсаулыққа да ауыр зиян келтіремін деген ниетім болған жоқ. Алайда белгісіз мән-жайлармен денесіне тиіп, ауыр зақым алып отыр. ҚР ҚК 106 бабымен жаза тағайындауыңызды сұраймын құрметті сот. Балаларымның болашағы үшін алаңдаймын деген айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындайтынын да жеткізді. Бәріне өкінемін деген ол Руслан Берденовтен кешірім де сұрады. Прокурор болса қылмыс бойынша екі бірдей бап дұрыс сараланған дейді. БАУЫРЖАН ҚАРАМАНОВ, мемлекеттік айыптаушы: Жиембай Ернар Жиембайұлын ҚК 24 бабының 3 бөлігі, 99 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, осы баппен оған 11 жыл үш ай жаза тағайындауды сұраймын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраймын. Қала әкімінің орынбасары дәрігерлердің арқасында аман қалғанын жеткізді. Бірақ оңалып, қатарға қосылу оңай болмайтынын айтады. Сондықтан Ернар Жиембайға кешірім бермек емес. ---------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық