G
enby!

Апат қаупі жоғары аймақтарда тұратындар үшін мүлікті сақтандыру міндеттелуі мүмкін

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Енді табиғи апат қаупі жоғары аймақтарда тұратын қазақстандықтар ай сайын табысының бір бөлігін сақтандыру қорларына аударуы ықтимал. Бірақ ол – мемлекеттік меншігіндегі қор бола ма, әлде дербес шот па – белгісіз. Демек, тәртібі әлі нақтыланбаған. Ал сақтандыру жарналарының көлемі 1 мың теңгеден бастап, 20 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Әрі апаттылық деңгейіне қарай жарна мөлшері сараланады. Бірден айтайық, жылжымайтын мүлікті сақтандыру бәріне бірдей міндеттелмейді. Яғни, әзірге табиғи апат қаупі жоғары аймақ халқы ғана баспанасын қосымша қорғау тетігін пайдаланады. Сәйкесінше, үй жер сілкінісі, су тасқыны не су деңгейі көтерілуі мүмкін, сондай-ақ орман өрті болуы ықтимал жерлерде орнасса, жаңа жүйеге қатысады. Ал, сақтандыру жарналарының базалық ставкасы 1 000-20 000 теңге аралығында бекітілмек. Алайда, халық аударған ақшаның қайда сақталатыны беймәлім. Өзінің шотына сақталғаны дұрыс сияқты. Өйткені, мысалы, біз МӘМС-ті құйып отырмыз ғой, өзіміз ұстаз болғандықтан. Оған жылына бір рет көрінеміз бе, көрінбейміз бе? Ол біздің пайдамызға ешқандай да шешіліп жатқан жоқ. Сондықтан, әрбір азамат, азаматшалардың өздерінің жеке сақтандыру шоттарында тұрған дұрыс деп ойлаймын. Сақтандыру компанияларына мен 100 пайыз кепілдік бере алмаймын. Кейде көмектеседі, кейде көмектеспейтін де жағдайлар болады. Мемлекеттік емес, жеке шотта сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Өз ойым сондай. Өйткені, ол кім біледі мемлекеттің шотында қалай болатынын. Ал, сақтандыру жарналары аймақтағы қауіп деңгейіне қарай сараланады – деді агенттік өкілдері. Осылайша, қаржылық жүктемені әділ бөлуді көздеп отыр. СЕРІКБОСЫН ТӨЛЕБЕКОВ, ҚР ҚНРДА сақтандыру нарығы департаменті директорының орынбасары: Қазақстан табиғи апаттар қаупі жоғары ел. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның 75 пайызы әртүрлі табиғи апаттар: жер сілкінісі, су тасқыны, су деңгейінің көтерілуі, өрт, сел және қуаңшылық сияқты қауіптерге ұшырауы мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанда апат қаупі жоғары өңірлерде тіркелген тұрғын үйлерді міндетті сақтандыруды енгізу ұсынылады. Агенттік өкілінің айтуынша, мүлікті сақтандыру мәселесі жан-жақты зерттелген. Мысалы, құжатта әзірлеу кезінде Испания, Түркия, Әзербайжан секілді елдердің озық тәжірибесі назарға алыныпты. Ал, жобаға қатысты нақты шешім жария талқылау аяқталған соң қабылданбақ. --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также