G
enby!

Петропавлда 11 сағаттық нөсерден кейін үйлер мен нысандар су астында қалды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Еліміздің солтүстігімізде жауын-шашынның бір айлық мөлшері түсіп, жер үйлер мен әлеуметтік нысандар судың астында қалды. 11 сағат бойы жауған нөсердің салдарынан фитнес зал, дүкен сияқты кәсіпкерлік ғимараттарға су кірген. Шаш етектен шығынға баттық деген бизнес өкілдері мен тұрғындар енді әкімдік өтемақы төлесін деп отыр. Жалпы, жаңбырдан зардап шеккен жандарға мемлекеттен төлем қарастырылған ба? Жауаптылар не дейді? Әріптесім білген еді. Сәлтай Өмірзақованың баспанасы жауын-шашыннан кейін суға толған. 92 жастағы тыл ардагері дүние-мүлкім бүлінді деп күйінеді. Қарт кісінің киім-кешегі мен қажетті заттары да суда қалқып жүр. СӘЛТАЙ ӨМІРЗАҚОВА, Петропавл қаласының тұрғыны: Таңғы үште тұрсам су лақылдап келіп қалған. Киінетін киімімді де таба алмай қалдым. Аяғыма ана тәпішкені киіп көршілерге жүгірдім. Олар өздері суға кетіп жатыр. Я тамақ ішпедім. Жылап жүгіріп жүрдім. Ешкімнің көмегі жоқ. Бәрі демалыс деп ешкім келмеді. РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: Міне, мен тұрған жаттығу залы нөсер жауыннан қатты зардап шеккен нысандардың бірі. Қарасаңыз, залдағы темір-терсек, жаттығу жасайтын құрылғылардың бәрі судың астында қалған. Кәсіпкердің айтуынша, келген шығын бірнеше миллион теңгені құрайды. Фитнес залға толған судың деңгейі жарты метрге дейін жетеді. Сондықтан мұнда енді гидрокостюммен келмесеңіз, кіру мүмкін емес. Ефим Грабовский жаттығу залына жаңадан жүзден астам құрылғы әкеліп орнатқанын айтады. Қазір олардың дені түкке де жарамсыз болып қалды деп отыр. ЕФИМ ГРАБОВСКИЙ, кәсіпкер: Былтыр да осындай нөсер жауынның салдарынан залымызды су басты. Ол кезде төрт миллион теңгеге жуық шығынға баттық. Қаншама құрылғымыз жарамсыз болып қалды. Биыл енді әкімдікті сотқа береміз. Әкімдіктегілер нөсер жауынға кәріз желілері төтеп бере алмағанын айтады. Өйткені бір тәулікте бір айлық нормадағы жауын-шашын жауған. Жергілікті билік тұрғындар мен кәсіпкерлерге суды сорып шығаруға көмектеспек. Бірақ ешкімге өтемақы берілмейді дейді. БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАНОВ, петропавл қаласы ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы: Кеше сағат таңғы алтыдан түнгі он екіге дейін қала тұрғындарына және әр түрлі мекемелерден жүзден астам өтініш келіп түсті. Олардың отызы қайталанады. Бір тәулікте Петропавлда оннан астам жер үйге, көпқабатты баспаналардың жертөлесіне су кірген. Көшелер көлге айналып, қозғалыс қиындаған. Одан бөлек, туберкулез диспансері мен білім беру мекемелері де зардап шеккен. ------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также