G
enby!

Енді тұрғын үй иелері баспананы күтіп ұстау ақысын үшке бөліп төлейді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Енді тұрғын үй иелері баспананы күтіп ұстау ақысын үшке бөліп төлейді. 15 қыркүйектен бастап әрбір меншік иесі ағымдағы, жинақтаушы және мақсатты төлемдерге ақша жинайды. Оның бірі үйді жалпы күтіп ұстауға, екіншісі күрделі жөндеуге, ал үшіншісі күтпеген шығындарға жұмсалмақ. Негізі тұрғындардың көбі бұған дейін бұл шаруа үшін тек бір төлем жасайтын. Енді ол үшке бөлінеді. Ал оған халықтың өзі не дейді? Тұрғын үй мәселесінде тағы қандай өзгеріс бар? Әріптесім Оразай Нұртайұлы жалғастырсын. ОРАЗАЙ НҰРТАЙҰЛЫ, тілші: Қыркүйектен бастап тұрғын үйді басқару саясатында өзгеріс болғалы тұр. Бұдан былай көппәтерлі тұрғын үйдегі баспана, қойма мен көлік тұрағы бар адамдар стандартты "үйді күтіп-ұстау" төлемінің орнына ағымдағы, жинақтаушы, мақсатты деген үш түрлі жарна төлейді. Оның екеуі міндетті болмақ. Ағымдағы дегені ай сайынғы шығындарға, жинақ шоты күрделі жөндеуге арналады. Ал мақсатты жарна тұрғындардың қалауына қарай ашылады және жоспарланбаған шығындарға жұмсалады. Бұрынғы қалыпта қала бергені жақсы деп ойлаймын. Себебі халық үйреніп қалды. Қымбат болып кетуі де мүмкін. Өйткені қазір инфляция. Қарапайым халыққа қиындау болады деп ойлаймын. Болашаққа деп ақша жинайды ал. Ол жерде КСК-лар мәңгі емес, ауысып кетсе ше. Ол адам кетіп қалды, мен басқа адаммын десе оған не істей аламыз? Тоқ етерін айтқанда егер сома үлкен болып жатса онда үшке бөлген дұрыс. Егер сома кішігірім, айына мысалы 3-4 мың теңге болып жатса онда бір сомаға жинай берген дұрыс деп шешемін. Сомаға келсек, Алматыдағы тұрғын үйлерге жауапты басқарма өкілінің айтуынша, тұрғындар өзі белгілейді. Ішінара жиналыс жасап, шаршы метріне алатын ақыны қояды. Бірақ оның мөлшері қала мәслихаты бекіткен ең төменгі сомадан аз болмауы тиіс. Биыл ол 40 теңге. ЖАНДОС ҚАЙЫРХАНОВ, Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілі: Жетпей жатса өздері көтере береді. 50, 60,70,150, тіпті 200 теңгелі тарифтер бар бізде. Төлемдер негізі ескі үйлерде көбейеді. Ал әлгі ЖК-лар, яғни тұрғын үй кешендері, оларда енді қызмет түрі көп. Сондықтан оларда тарифтер 150, 200 теңге, ары қарай кете береді. 15 қыркүйектен бастап, пәтер иелері кооперативі жауапты субъект ретінде тіркеліп, дәрежесі басқарушы компаниялармен теңеседі. Олар мүлік иелері бірлестіктерімен шарт немесе жиналыс хаттамасы бойынша жұмыс істейді. Ал бір үйде 36 пәтерден көп болса, ол баспананың тұрғындары дәл сол ПИК немесе басқарушы компаниямен келісімшартқа отыруы тиіс. Және әр үйдің ағымдағы және жинақ шоттары ашылып, бір мақсатқа жиналған қаржы екінші бағытқа жұмсауға жол берілмейді. ----------------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также