ҚАЗАҚСТАН КІМГЕ ЖАЛТАҚТАЙДЫ
Ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар, Жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар деген атам қазақтың қанатты сөзі сірә қазіргі уақытта аса өзекті шығар. Айнала алай дүлей болған алмағайып уақыт келді. Күні кеше Иран мен Израиль зымыранмен атысты. Төртінші жылға кетті, Украина мен Ресейдің алысып жатқанына. Кавказдағы Қарабақ соғысы көз алдымызда өтті. Әлемдегі алпауыт күштердің мүдделерінен маздаған Таяу шығыстағы қақтығыстардың өрті толастаған емес. Қысқасы төрткіл дүние текетірестердің торы мен шиеленістердің шырмауында отырғанда, осы біздің қазақ кімге арқа сүйейді деген сұрақ көлденеңдейді көкейде. Артыңда тұрып айналасына айбат шегетін алпауыт болмаса да қасыңнан табылып үзеңгілесетін қатарлас қамқоршың қажет қой қандай жағдай болмасын. Бүгін осы бір мәселені аз-кем саралап көрсек. Жағырапиялық, экономикалық, тіпті саяси тұрғыдан алғанда да тартымды өлкеде тұрмыз. Кімге иек артамыз? Әлемді экономикалық құдыретімен шырмап отырған шығыстағы көршімізге ме, әлде теріскейдегі тентек қоңсыларымызға ма? Болмаса бүйіріміздегі бауырлас елдерге ме? Пікір жазып, лүпіл баса отырыңыздар. ✅ АРНАҒА ЖАЗЫЛЫП, ТЫҢ АҚПАРАТТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ: подписка, лайк, комментарий