G
enby!

ҚЫРҒЫЗДАР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Білген Дұрыс арнасының қалыптасқан дәстүрін жалғай отырып, бүгін тағы бір бауырлас халық турасында баяндасақ. Бұл жолы Алатаудың етегін ен жайлап отырған тура біз сияқты киіз туырлықты, ет жеп қымыз ішіп, аң аулап құс салған, лақ тартып, бәйге жарысқан, тілі мен тұрмысы, әдет ғұрпы мен салт-санасы бізден аумай қалған бір туған халық – қырғыздарға, Қырғызстан еліне тақырып арнасақ па деп отырмыз. Мен – қазақпын, қырғыз ол – туысқаным, Бірге тартқан тарланның құйысқанын. Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки, Бөліп берген егізге уыс нанын - деп Жұбан Молдағалиев жырлағандай қазақ пен қырғыз расымен егіз халық па дерсіз. Асан қайғы, Кетбұқа, Жиренше шешен, Толыбай сыншы сияқты тұлғалар екі жұртқа да қадірлі. Жамбыл мен Тоқтоғұл, Кенен мен Османқұл, Мағжан Жұмабаев пен Қасым Тыныстанов, Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовтың, Айтматов ағамызбен Мұхтар Шахановтың достығы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қазақ қырғыз ынтымағының жалғасы іспетті. Басыңа іс түскенде айтпай келіп қасыңнан табылатын бауырластық та, аракідік болмашыға тәжікелесіп қалатын жайттар да, Кенесарының қазасынан қалған ескі өкпе де жоқ емес арамызда. Ақпарат айдынында қанымыз бір емес, Қырғыз сібір халықтарына жатады, қайдағы бір туған? – деген уәждерді де естіп көріп оқып отырамыз. Расымен солай ма? Екі ел арасындағы саяси байланыстардың салмағы қандай? Аулымыз аралас, қойымыз қоралас қоңсы ел болғандықтан, көршілеріміз туралы бір сыдырғы дүниелерді біліп жүргеніміз абзал шығар. ✅ АРНАҒА ЖАЗЫЛЫП, ТЫҢ АҚПАРАТТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ: подписка, лайк, комментарий

Смотрите также