Шәуілдеген шовинистер білгенін істей ме
Сіз бен біздің тіліміз бәз біреулердің айтуынша, “мамбетский”, “ауылбайский” екен, қысқасы осы тілде хат таныған көпшілік, қараң, надан екенбіз. Сенбейсіз бе? Міне, сиясы кеппеген мысал. Қарағанды тұрғыны Алика Мухамадиева әлеуметтік желіде жарияланған жазбада қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді мазақ етіп, мемлекеттік тілді «полукалбитский диалог» деп келемеждеген. Осы елдің суын ішіп, құдығына түкіретін мақтабастарға тәйт дейтін біреу бар ма? Бүгін талқыға шығарып отырған тақырыбымыз осы. #БілгенДұрыс #Қазақстан #Жаңалықтар #Қазақтілі #Саясат