G
enby!

БАЙИМЫЗ БА АҒАЙЫН?!

Дәл қазіргі уақыт әлемнің көптеген елдері сияқты біздің Қазақстан үшін де салмақты сынақтың уақыты. Әлгі, алла сүйген құлын сынайды демекші, құдай өзі заманнан көп құқай көрген қазақ елін дағдарыспен сынап жатқан жоқ па, - деп ойлайтындар да бар шығар. Әсілінде басы қаттының аяғы тәтті болмаушы ма еді. Қазір кеңқолтық өмірді қайдам, бюджеттің жыртығын жамауға теңге таппай, қосылған құн салығын өсіріп, кәсіп қылған ағайынды ұлардай шулатып қойды емес пе үкімет!? Бірақ экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ қазір ең жаман күндерімізді өткеріп жатқан сияқтымыз. Қара алтыннан қайыр болмады, десе де триллиондаған доллар табыс түсіретін, ұшан теңіз байлықтың басқа бір қайнары бар Қазақстанда. Бірақ әдеттегідей оны өзіміз игеретін жағдай жоқ. Қарт құрлықтың мен деген мемлекеттері келіп, бір жағымызға шығыспақшы. Есте болса 90-шы жылдары қазақ мұнайынан трлн доллар үлес аласыңдар деп инвесторлар ауызды аңқитып кетпеп пе еді. Сол секілді тағы да тақырға отырып қаламыз ба, әлде аузы күйген үріп ішеді демекші содан сабақ алдық па? Қысқасы миллиардты қойып, трилиондаған доллар табыс әкелетін жаңа саланы қалай игереміз? Бүгін осы турасында бір саралап көрейік. Ал сіз, патша көңілді көрермен, арнамызға жазылып, шайларыңызды демдеп алып ден қойсаңыздар. ✅ АРНАҒА ЖАЗЫЛЫП, ТЫҢ АҚПАРАТТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ: подписка, лайк, комментарий

Смотрите также