«Буындырып, жіпке асып қойған». Әскерде жұмбақ жағдайға қайтыс болған сарбаз жер қойнына тапсырылды
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Шымкентте әскерде көз жұмған 19 жастағы сарбазды туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Егіздің сыңары Дінмұхамед Шынарбекті жақындары жер қойнына тапсырды. Айдың-күннің аманында қара жамылған отбасы жалындап тұрған ұлдарының өмірімен қош айтысқанына сенбейді. Олар баламызды тұншықтырып, артынша екі қолын байлап, ағашқа асып қойған деп топшылап отыр. Қаралы жиынға әріптесім Назерке Үкібасова да барды. Етегі жасқа толған Бибінұр Қалтаева екі күннен бері ес жия алар емес. Әскерге өз еркімен кеткен бозбаланың табытпен оралғаны тұтас әулеттің қабырғасын қайыстырған. Өмірге құштар кенже баламның өз-өзіне қол салуы мүмкін емес дейді анасы. БИБІНҰР ҚАЛТАЕВА, марқұмның анасы: Қалай олар айтады өтірік қана. Қолы байлаулы еще мойнымен асулы. Адам деген соған сенетін нәрсе ма айтыңдаршы. Кім сенеді сол қолын байлап қойып асылып өлді дегенге. Қолы еще былай артында байлап тұрса. Қалай былай адам өзін-өзі асады. Қалай айтады олар ауыздары барып? Жас сарбазды жер қойнына тапсыруға келген жандардың қарасы қалың болды. Соңғы сапарға марқұмның туыстары, достары түгел жиналған. Сыңырын ақтық сапарға шығарып салу үшін Дінмұхамед Шынарбектің егізі Даниал да келді. Сондай-ақ, қайғылы оқиға болған Мәтібұлақтағы әскери бөлімнің басшылығы да төбе көрсетті. Қайғыдан қан жұтқан отбасы әскерилерді сұрақтың астына алды. Қорғаныс министрлігінің өкілдері қайғылы оқиғаның себеп-салдары анықталып жатқанын жеткізді. АРЫНҒАЛИ АКИШОВ, ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары: Аталған факт бойынша Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Бұл факт бойынша қандай да бір тұлғаның қатыстылығы немесе жауапсыздығы анықталса, кінәлілер ең қатал жауапкершілікке тартылатыны баса айтамын. Дінмұхамед 20 күн бұрын ғана 19 жасқа толған екен. Туған күніне келуін сұрап ата-анасын шақырыпты. Алайда, Бибінұр Қалтаева қаржы тапшылығымен Алматы облысына жете алмапты. Айта кетейік, марқұм 9-сыныптан соң аспаз мамандығы бойынша колледжге түскен екен. Оқи жүріп, жұмыс істеген бозбаланың басты арманы кондитерлік цех ашу болыпты. Бірақ үйінде 4 баланың кенжесі арманына жете алмаған күйде қыршын кетті. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық