Алимент төлемей, несиесін өтемей қашып жүргендерді жасанды интеллект бақылауға алады
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Елімізде борышкерлер жасанды интеллект арқылы бақылауға алынады. Енді алимент төлемей, несиесін өтемей, салықтан жалтарып жүргендерді көшеде ғана емес, әуежай, теміржол, метро, тіпті халыққа қызмет көрсету орталықтарында да анықтау аса қиындық тудырмайды. Өйткені ЖИ жүйесіне қосылған камералар қарызы бар азаматтарды бірден анықтайды. Әріптесім Серік Дәрменұлы министрліктерден жаңашылдықты біліп келген еді. СЕРІК ДӘРМЕНҰЛЫ, тілші: Енді қарызы бар қазақстандықтар жасанды интеллектің бақылауында болады. Яғни қоғамдық орындарда ЖИ жүйесіне қосылған бейнебақылау камералары берешегі бар азаматты биометриядан өткізіп, бет-бейнесін бірден базаға енгізеді. Осылайша Әділет министрлігі айыппұл, алимент, несиесін өтемей, салығын төлемей, ісі сотқа өтіп кеткендермен күреспек. Жауапты министрлік "Цифрлық бақылау" жүйесі арқылы жасырынып жүрген борышкерлерді анықтамақ. Әсіресе алимент төлемей жүргендерге шара күшейтіледі. Өйткені республика бойынша баласына қарайласпайтын әкелердің саны жыл санап артып келеді. Қазірдің өзінде 343 мың азамат ұл-қызына төлем ақы беруге міндеттелген екен. Олардың төрт жарым мыңы балаларының алдындағы борышын өтемей, қашып жүргендер. БЕКБОЛАТ МОЛДАБЕКОВ, ҚР Әділет министрінің орынбасары: Камера түсіреді. Сол жерден жақын тұрған полиция қызметкерлері келеді де сол азаматты ұстайды. Бірінші түсініктеме алады. Міне сізді сот орындаушылары іздеп жүр, сізді таба алмай жүр мүмкін сіз мекен жайды ауыстырған шығарсыз. Міне сізге телефон осы жерге хабарласыңыз деп бірінші мәрте осылай ескерту жасаймыз. Егер де жоқ екінші рет табылмаса қайталаса бармас ол кезде біз 5 тәулікке дейін қамауға аламыз. Немесе айыппұл төлейді. Сондай-ақ, енді елімізде әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды да жасанды интеллект анықтайтын болады. Еңбек министрлігі жаңа жүйені сынақтан өткізіп жатыр. Ақылды жүйе адамның табысын есептеп, отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілетін-берілмейтінін өзі ұсынады. Бұл жүйе отбасыларға тек көмек ұсынумен шектелмей, оларды қиын жағдайдан шығарудың нақты жоспарын да жасай алады. Мәселен, жұмысқа орналастыру, оқыту, аймақтық бағдарламаларға тарту сияқты ұсыныстар береді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Смотрите также
