Хромтауда тер төккен жұмысшылар еңбекақыларын ала алмай жүр
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Ақтөбе облысы Хромтау қаласында жүзге жуық жұмысшы еткен еңбектерінің ақысына қол жеткізе алмай жүр. Олар өндіріс қалдықтарын сақтайтын қойма құрылысын жүргізіп, таңнан кешке дейін тер төккен. Бірақ мердігер бір жылдан бері жалақыны төлемей, атпалдай азаматтар сергелдеңге салған. Шуға себеп болған компанияға түрлі қызмет көрсетіп, техника мен көлікті жалға берген жиырмадан астам кәсіпкер де қаражаттарын ала алмай қиналған. Айлық алмаудың азабын айтқандардың төзімі таусылған. Себебі, бір-бір отбасына асырап отырған азаматтар төккен тердің теңгесін былтырдан бері алмаған. Ақша берілмеген соң барлығы жұмысты да тоқтатыпты. Енді адал ақыларын даулап жүр. ХАЛЕЛ АНГЛИЯ , Жұмысшы Менің өз ақшам — 800 мың теңге. Осмс, пенсионка төленбеген. 15 бала болдық жалпы жұмыс атқарғанбыз. Руданы шаятын суды тазартып тұратын дамбы, содан бастап дов одинге шейін екі нитка труба тарттық. Хромтаудағы кен өндіретін комбинат құрылыс компаниясына өндіріс қалдығын сақтайтын қойма салуға тапсырыс береді. Астаналық серіктестік бұл жұмысқа жұмысшылардан бөлек жеке кәсіпкерлерді тартқан. Бірі техника мен көлігін жалға береді, бірі ас-ауқат тасиды. Бас-аяғы 24 кәсіпкер жүктелген міндетті толық атқардық деп отыр. Бірақ орындалған жұмыстың ақысын сұрағанда компания сараңдық танытып, сан түрлі сылтау айта бастады деп ашынады. МЕЙІРХАН АҚЖІГІТОВ, кәсіпкер: Мен 2023-тің февраль айында келісім шартқа отырған болатынмын. Істеген уақытым бір жылдан асты. Жұмысшылар тасыдым. Екі автобус жалға бердім. Маған бес айға 9 миллион 788 мың бір жылдан асты. Бармаған жеріміз жоқ. Ақшамызды әлі ала алмай жүрміз. Тығырыққа тіреліп, қарызға батқан жандар еңбек инспекциясына жаппай шағым түсірген. Жауапты мамандар тексеріс жүргізіп, компанияның үстінен іс қозғалғанын жеткізді. ТАЛҒАТ ИСҚАРИН, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары: «Индком партнерс» деген мекеме кедергі жасап тексеріске 462-ші бап административный кодекс бойынша воспрепятствие жасаған соң оларға іс қозғады. Сонымен қатар ішкі істерге материалдар жіберіп мәжбүрлеп шақырту үшін. Бүгінгі таңда 150-баппен қылмыс кодексінің жалақы уақытында төлемеген сол несімен қылмыстық іс қозғалды мекеменің атына. Қазір жалақы дауына полиция кірісіп, тергеуді бастаған. Ал, құрылыс компаниясының басшылығы сұхбат беруге құлықсыз. Тапсырыс берген комбинаттың өкілдері қаражат толық аударылғанын жеткізді. Бірақ жұмыс аяқсыз қалып, басқа мердігер жалдауға тура келді деп отыр. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық
Смотрите также
