30 кейіпкер – 30 тұлға Аязбаев Шамгул Уткелбаевич..
30 кейіпкер – 30 тұлға Кезекті кейіпкер Аязбаев Шамгул Уткелбаевич. Дәрігер онколог,уролог, радиолог. Маңғыстау облысындағы алғашқы онколог дәрігердің бірі. Облыста алғаш колоноскопия, гастроскопия, бронхоскопия және нәрестелердің жүрегін компьютерный томографияға түсіру сияқты жаңа әдістерді қолданысқа енгізген. Ол еңбек жолын Қарақия ауданы Жетібай кентінде оташы хирург болып бастады. 1984 жылы Ақтау қаласындағы жаңадан ашылған облыстық онкологиялық диспансерге жұмысқа шақыртылып, 1990-жылға дейін қызмет атқарады. Ол уақытта рентген, ультра дыбыстық тексеру , эндоскопия сияқты аппараттар мүлдем жоқ. Колоноскопия, гастроскопия, бронхоскопия сияқты әдістерді тез арада меңгеріп, жұмыс барысында өңеш рак ауруының көп кездесетінін байқаған дәрігер ,1985-жылы өңеш рак ауруының пайда болу себебінің морфологиялық өзгерістерін зерттейді. Сол еңбектеріне орай 1987-жылы Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. 1990-жылы облысқа алғаш компьютерный томограф аппараты алынып, дәрігерді Маңғыстау облыстық ауруханасына жұмысқа шақыртылып, сол уақыттан бастап радиолог дәрігер болып қызмет етеді. Қазіргі таңда өзінің мақтані тұтар шәкірттері бар , Байжанов Сұңғат, Жақсыадай Ануар, Шарыгин Равиль. Бұл дәрігерлерлер облысымыздағы аурухана, емханаларда қызмет етеді. #тәуелсіздікке30жыл #30тұлға30сұхбат #30кейіпкер30тұлға