G
enby!

Берденовке оқ атқан жиембайға үкім шықты

Бүгін Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қала әкімдігінің алдында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атып, жаралаған қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры, 31 жастағы Ернар Жиембайдың ісін, қарап бітті. Сот оны 9 жылға түрмеге жапты. Ол жазасын қауіпсізідігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болды. Оның сот үкімі заңды күшіне енгенге дейінгі қамаудағы бір күні жаза мерзімінің бір жарым күніне есептелінетін болды. Сотталушы үкіммен келіспеймін деді. Айтуынша, оның адам өлтіруге пиғылы болмаған. Сотталушы үкім «Адам өлтіру» бабымен емес, «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабымен шығуы керек деп есептейді. Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора. Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz
Еще новости: https://otyrar.kz

Смотрите также