G
enby!

Қазаққа тұрмысқа шыққанымда - қыздар қызғанды. Көрермен ықыласына тәуелдімін…

Бүгінгі шығарылымда: Белгілі журналист, тележүргізуші Ирина Тен "Майын тамызып" подкастында жүрекжарды сырын ақтарды. Ол қазақ тілінің корей қызына үлкен экранға жол ашқанын, Сыр еліндегі балалық шақтың тәтті естеліктерін, қазақ әулетінің келіні екенін, отбасында қазақ пен кәріс салт-дәстүрін қатар ұстанып отырғанын әңгімеледі. Сондай-ақ, босанғаннан кейінгі депрессияға ұшырағанын да жасырмай бөлісті. Сіз білесіз бе? Қазақ пен кәріс тілдерінің ұқсастығы өте көп. Өйткені екеуі де Алтай тілдеріне жатады. Сондықтан кәрістерге қазақ тілін, қазақтарға корей тілін үйрену әлдеқайда жеңіл. Осы подкастта Ирина Тен қазақ тілін тез меңгерудің қарапайым лайфхактарымен бөліседі. Жүргізуші 1937 жылы Қазақстанға жер аударылған бабаларының тағдырын да еске алды. Сол ауыр кезеңде қазақтардың Отанынан ажыраған корейлерге жарты бөлмесін, бір үзім нанын бөліп берген мейірімі – бүгінгі ұрпаққа өнеге екенін айтты. Бұл сұхбатта тіл мен мәдениет, ұрпақ тәрбиесі, үлкенге құрмет, қазақ пен кәрістің рухани байланысы, сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесі жайлы кеңінен сөз қозғалды. Подкастты көріп, ой түйіңіз, пікір қалдырыңыз. Сіздің қолдауыңыз – бізге шабыт, алға жетелейтін күш!

Смотрите также