Асау мінген Ару. #аудиокітап
АСАУ МІНГЕН АРУ хикаят ( 5 ) Әпке, қас... қасқыр! - деп тонадайды нұсқап, әпкесіне жабыса түскен Күмісханның қан қатқан самайынан үріп, маңдайынан сүйген Санат: Қайдағы қасқыр? Мен ештеңе байқамадым. Бұл жақта қасқыр жоқ. Қытайлар бәрін атып тастаған, - деп бұл жайттың сырына қанық жандай сабырлы қалпын сақтады. Сенбейсіз бе? Әне, зау көкжал тұр! Өздері өте көп секілді... Үйірімен жүр. Сіз бұрылып қараймын дегенше кетіп қалды. Күтіп тұра ма? Күміс, олар біз Сарыкүнгейге аттанып бара жатқанымызда алдымыздан шықты. Қайтарда қарсылап алды. Ендеше көкбөрілерден жаулық күтпе, - деп ауыр тыныс алған Санат қанмен қатып, денесіне тырысып, жабысқан көйлеген түзегенде жарақатынан шыпылдап қан шығып, жылыстай ақты. Әпкетай, сау жерің қалмапты ғой!.. Қалай шыдап келесің? - деп дауыстап жіберіп, ауызын қолымен қалқалай қойды. Қорықпа, естімейді. Олардың атының дүбірін мен осы арадан естіп отырмын. Сен онанда қобыратпай шашыңды жина. Аздан соң аттанамыз. Мен олардың үй артындағы екінші кермесін көрмей қалдым, егер оны білгенімде бір атты да қалдырмас едім. Бұл менің аңқаулығым, - деп ыңырсып, сіңлісі ұстатқан орамалмен шекесінен тамшылаған қанды тоқтатуға тырысты. Әпке, - деп Күмісхан көзі мөлтілдеп, кемсеңдеп жылай берді. Сен жылай берме. Әлде Саркүнгейге келін болып түспей қалдым деп өкініп отырсың ба? - деп сіңлісіне сынай қарап, жымиған болды. Қойшы, әпке. Қырғызға өлсем де тұрмысқа шықпаймын. Олар мені алдап алып қашты. Сенің мені іздеп келгеніңе әлі сене алар емеспін. Жездем біле ме? Күмісхан, бұл іске Қияқтың қатысы бар ма? Білмеймін. Бірақ Қияқ аға айқайлап, мені шақырды. Үйде апам да жоқ болатын. Тұрсынәлі асықпен ойнап, мен іс тігіп отырғам, ойымда ештеңе жоқ, атып шықсам, басыма қап кигізіп, қырғызша сөйлеген жігіттер мені көтеріп әкетті. Әпке, су бар ма? Шөлдедім. Қарным да ашты. Олар саған тамақ бермеді ме? Су да татырмады ма? Өздері иттей болып етке таласып жатқанда саған ештеңе де бермегені қалай? Мұсылман дейді-ау! Ештеңе берген жоқ. Үйден әкеткелі нәр татпадым. Мені кімге қосақтағысы келгенін де білмедім. Кумушбек деген біреуді айтады. Мә, қалтамда бір түйір қант қалыпты. Бұл негізі Қаракердің үлесі еді, бірақ осыны сорып, өзегіңді жалға, - дей бергенде жандарында шөп жеп тұрған тұлпар жерден басын көтеріп, оқыранып, «Ал, ала ғой» дегендей болды. Қаракер бәрін түсінеді. Үйірге түспеген сәурік қой, мінезі асау, тура өзім сияқты. Бірақ екеуміз бір-бірімізді түсінісіп кеттік. Иә, төрт аяғын тең басқан тұлпарымыздың тұяғында таға жоқ. Қайдан болсын? Бұл еркін жүрген айғыр емес пе? Оқасы жоқ, бірдеңе етіп шыдармыз. Қаракерге қара жер де таудың тастай жері де бір, тұяғы мүжілсе де бізді жолда қалдырмайды. «Ат аяғы – ақсауыт» деген, ауылға жетеміз. Оған күмәнің болмасын. Сонымен сен әлгі әумесер Кумушбек деген жігітті білмейсің екен ғой. Сен білмеген қырғызды мен білем. Ол мен тұрмысқа шықпаған кезден саған көз салып, үй торуылдап жүрген бала болатын. Өзінше жігіт болып, жанына бір топ бозөкпелерді жинап, сені бізден айырғысы келген екен. Онысы болмас. Ағаң болмаса, ағаның орнына әпкең бар. Сені жылатпайды. Болды енді. Бәрі жақсы болады. Әпке, сенің мені іздеп, осында аттанғаныңды жездем біле ме? Ол қалай жіберді? Баламысың деген, - деп Санат ернін сылп еткізіп, күліп алып, - Сабырәлі ештеңе білмейді. Әпкең Тұрсынәлісіне бара жатқан ғой. Жолай әйелдерден сені қырғыздардың тапа-тал түсте алып қашқанын естідім. Болды сосын. Әпкеңнің құлағына жеткен соң не болатынын білесің, мен үйге де кірместен қолыма әкемнің дырау қамшысын алып, өзі бізге берген Қаракер айғырды мініп, осылай қарай аттандым. Бары осы ғана.. Құрметті менің тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар 🥰 #аудиокітап #әсерліәңгіме #болғаноқиға Әңгімелер жинағы ( жалғасы бар ) Мұнайдар Балмолда / @san_turli_tagdir
Смотрите также
