G
enby!

Асау мінген Ару қырғыздардан Сіңілісін құтқарған қазақ қызы #аудиокітап

АСАУ МІНГЕН АРУ хикаят Асауға мінген ару Бұрыл жайлауынан шыққалы дамылсыз алға өрледі. Иә, сөйтті. Жайлау тау шатқалдарының ортасын ала еңісте жатса, Сарыкүнгей тауы жоғарыда, өрлеуде мызғымай тұр. «Қыз өспес пе, көкіректі теспес пе?» деген осы жануарым, осы. Ай десе ауызы, күн десе көзі бар Күмісханыма көрші отырған қырғыздың да көзі түскен екен, ештеңе емес, біз бәрін орнына қоямыз. Сәл шыда, екеуміз Күмісханды алып қашқандардың мінген аттары суымай тұрып жетіп барамыз. Жетіп барамыз да сүрең саламыз! Үлгереміз тұлпарым, үлгереміз! Әлі ештеңе бүлінген жоқ, Қаракер, сен мені түсініп келесің бе? Сен сіңлім екеумізді жау қолынан алып шық! Мен саған осы күнге шейін шақпақ қантты текке беріп келмеген шығармын, соны ақта, барыңды сал! Біз үлгереміз! Үлгеруге тиіспіз!» деп жануардың мойнынан сипап, қарағайлы ну орманның ішімен алға тарта берді. Ағаш бұталарының арасынан ай сәулесі шашырай төгіліп, Санат сұлудың жүрер жолын жарық қылып, өзі жасырынбақ ойнауға көшкендей әредіктен «мен мұндалап» бір көрініп қалады. Тау жақтан ескен салқын самал күндізгі қапырық ауаны ығыстырып, төңіректі сергітіп тастаса керек, бір тұстан үкінің үні естілсе, бір тұстан көзі оттай жанған орман қояндары орғи секіреді. Бұл өңірдің қалыңында ара-кідік жыртқыш аңдардың да ұшырасатыны бар. Бірақ әкесінен үйренген дұғасын қайталап, астындағы асау мен қолындағы сарыала дойырына сенген Санат ару алдынан аю шықса да тайсалар емес, ат маңдайын мызғымасқа, яғни тауға туралап, тартып келеді. «Қырғыздар да қызық. Көктерек ауылында көрші тұрамыз. Жазғытұрым олар Сарыкүнгей тауына қарай қозғалса, біз, қазақтар Бұрыл тауына таман, оның баурайындағы жайлауға жеткенше асығамыз. Бір өңірдің, бір ауылдың тұрғындарымыз. Қазақтың салтында жоқты шығарып, қыздарымызды алып қашады. Ертең салтымызда жоқты біздің қазағымыз қайталаса, сөйтіп сынықтан өзгенің бәрін жұқтырғыш ел боламыз. Күмісханды алып қашқан Кумушбек дейді. Ол қайсысы еді тағы? Біздің үйді төңіректеген қырғыз балаларын білетін сияқты едім, ұмытқаным ба? Ә, әнебіреуі ме еді? Қияқ мұртты қарторы жігіт. Бөрікті, көрікті бала. Бірақ салттан аттап, сіңлімді алып қашты. Кім әкетті десе, Сарыкүнгейдің қырғыздары дейміз бе? Осындай сауалды көрші-көлемдер ендігі әкеме қойып жатқан да болар. Жоооқ! Мен үлгерем! Таңға дейін уақыт бар. Қазір Қияқ айтқан шабандоздар мен палуан қашқындар кәміл бір жерге дамылдап, аяқ суытып жатқан шығар. Біз алдарына қазаннан ас түсіп, қымыз келіп, масайрап отырғанда үстінен түсеміз! Солай ма тұлпарым? Солай! Шу, жануарым, шу! Енді аз қалды.» Қаракер айғыр бәрін түсініп келе жатқандай жеңіл ғана осқырынып, алға өндіре өрлейді. Кенет қалың жыныс ішінен шоқтай қызыл көздер анталай төніп келіп қалды да әлдебір ірі тұрпатты аңның «ырыл-гүжілінен» соң шоқ-шоқ оттар ну қараңғыға сүңгіп, жоқ болды. «Бұл не болды екен?» деп Санат ойланып, Қаракер қос құлағын қайшылаудан жазып, осқырынғанша оң қапталдан зау көкжалдың өзі де көрінді. Қыз дырау дойырын сығымдай ұстап, арланкөктен көзін алмаған қалпы тақымын қысып, «Шу, жануарым, шу» дей берген. Абадан жүз қадамдай қапталдаса еріп келіп, кенет қалт тұра қалды. Бұл Саркүнгей орманының шеті болса керек, ай жарықтық та жарқ етіп көрініп, сүттей жарық сәулесін молынан себелеп, бұған сәттілік тілегендей қарақошқыл жартастың жауырынын сипай барып, көзден таса болды. Күдірей жон көкжал да салт аттылы Санатқа «Жолың болсын» айтқаны болар, ұлып жіберіп, сол арада тұрып қалды. Санат бұл көргенін неге жорырын білмеді. Әкесінің: «Бұл өңірде азулы жыртқыш қалған жоқ. Күллісін қытайлар қырып салды. Малға шабады деген сылтаумен бірде-бір азулыны тірі қалдырмады» дегені есінде. Сонда бұл көргені не? Өң бе, түс пе? Әлде елес пе? Қыздың бойында қорқыныш жоқ. Қайта батылдық басым. Санат күбірлей берді. «Я, Алла! Иә, Бақтияр! Иә, Райымбек!» деп үлкендердің қолына су құйып жүргенде ауылда естіп өскен албан руының аруақты аталарының атын атап, айбаттанып алды! Қаракер айғыр да жарады. Сыр білдірмеді. Әлгінде бір үйір қырыпсал қаптай қоршағанда тыпыршып, үрікпеді. Керсінше үстіндегі аруға дем бергендей «Я, Алла! Я, Аруақ!» десе, оқыранып, сес көрсетіп,    / @san_turli_tagdir   Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар #аудиокітап #болғаноқиға әсерлі әңгімелер жинағы ( ж а л ғ а с ы б а р ) Авторы Мұнайдар Балмолда

Смотрите также