Қойшы баланың өксіген өмірі #аудиокітап
Ерназар сабаққа тағы кешігіп келді. Көзінің алды ісіп кеткен. Ұйқысының қанбағаны көрініп тұр. Оның үстіне қатты қиналған ба, жанарынан аққан жастың орны ма, түнімен жылаған адамдай беті көнектеніп, айғызданып қалыпты. Дұрыс жуынып үлгермеген болуы керек, көзінің алдына қатқан сары былшығын да дұрыс кетірмепті. Сыныпқа кірді де, есіктің алдында басын төмен салып, қаққан қазықтай қалшиды да қалды. Мұғалім сабағын жүргізіп тұрып, есік алдындағы Ерназарды басынан аяғына дейін бір шолып шықты да, зілді дауысымен: «Отыр орныңа!» – деп зекіп қалды. Үстіндегі киімі жұпыны демесеңіз тазалығына аздап алаңдаулы. Қыртысын жазып, киіп алған мектеп формасына көңнің иісі қатты сіңіп кеткенін өзіне болмаса да, мектептегі оқушыларға қатты сезіледі. Жалма-жан сөмкесін ашып, ішіндегі бір ұшы бүктеліп қалған дәптері мен кітап, қаламын алдыға қойып, мұғалімнің айтқанына зер салды. Ерназар әке мен шешеден ерте қалды. Көлденең келген кесел шешесін алып кетті. Ұзақ уақыт науқастанып, еміне шипа таппаған анасы бауырына басқан Ерназарды әкесіне аманаттады да бұл өмірмен қош айтысты. Жас қалған баланың қамы бар, әйелінің қайғысы ол бар, Омарға ауыр тиді. Қайғы ішіне түсіп, ішкілікке де салынды. Тағдырдың қаталдығына төтеп бере алмаған Омар өзі де науқастана батады. Күйіктің үстіне күйік жамап, әйелінің жылын бергесін жүрек байғұс шыдамады. Ақыры түн ұйқысынан оянбай, соғуын тоқтатты. Сорлы бала көзі жәутеңдеп, бір шаңырақта жалғыз қалды. Бұғанасы қатпаған Ерназардың тағдыры не болмақ, деген елдің сөзі аяушылық танытқанымен жақындарының біреуі бауырына баспады. Жастайынан жетімдіктің қамытын мойнына киіп, нағашы апасының қолында өсті. Жетімді бақтым дегені болмаса, апасы Ерназарды аямады. Отырса опақ, тұрса сопақ етіп, қой соңына салды да қойды. «Жастайыңнан әке мен шешені жұттың», деп талай нұқыды. Мейірімі ояна қалса, «қызымнан қалған көз», деп бауырына басып, шерін бір тарқатып алатын кезі де болды. Мұндай сәт сирек еді. Ши бұттанып, жусаннан бойы асқаннан бастап қозы бақтырды. Осылайша Ерназардың қой соңындағы өмірі басталды. / @san_turli_tagdir Таң қылаң бере Қара кемпірдің дауысы күнмен бірге шығады. Ауыл солай атап кеткен. Қара кемпірдің шын есімі – Қарашаш. – Бұл үйдің таңы қашан атады? Әй, жетпегір, тұр орныңнан. Қой өрістен қалды. Осы сорлының ұйқысы қанбайды. Тілеуі жаман жетім, енді мені жұтасың, сосын көрінгеннің есігін сығалап, тоз-тозың шығып өлесің. Бол, қораның есігін аш, қойды өріске қарай айда, – деп зарлап кеп берді. Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар #аудиокітап #әсерліәңгіме әңгімелер жинағы