G
enby!

Арай Жүнісова: Құдай мені жазалау үшін емес, ояту үшін сынады

Бүгінгі подкаст – адамның жаны мен тәнінің арпалыста жүріп, үйлесім табуы туралы. Табиғатыңды тәркі етпеуге, шын тілеуіңді тауып рухани ояну жолына түсудің маңыздылығы туралы әңгіме. Қонағымыз – энерготерапевт, 25 жылдық тәжірибесі бар массаж маманы, кәсіпкер, Алматыдағы массаж орталығының негізін қалаушы және «Мендегі Мистика» YouTube арнасының авторы Арай Жүнісова. Арай ханымның өмір жолы – рухтың беріктігі мен сенімнің күші туралы сыр. Бір кездері дәрігерлер оны адам болмайды деген “үкіммен” үйге шығарып тастаған. Құр сүлдері қалған бір балалы ауру әйел бұл күресте жеңуге бел буады. Осы шешім оның жаңа өмірге бастар жолы болды. Бұл әңгіме – сенімнің, сабырдың және адамның шексіз мүмкіндігі жайлы. Арайдың Instagram:   / aray_djunusova   @araydjunusova

Смотрите также