Шахтинскіден Америкаға: еңбек пен табыстың жолы
Бүгінгі эпизод – біздің әдеттегі сұхбаттарымыздан өзгеше. Подкастта біз тек кәсіптің қыр-сырын емес, сондай-ақ адамның тұлға болып қалыптасуын жан-жақты талқыладық. Әрқайсымыз үшін маңызды – қандай ортада өстік, кімнен үлгі алдық және қандай құндылықтарды бойымызға сіңірдік. Бұл эпизод дәл осы сұрақтарға жауап іздеп, көрерменді ойландыруға, армандарына сенуге жетелейді деп сенеміз. Түсірілім қонағы: Асхат Солтанов - Happy Cake кондитерлік желісінің негізін қалаушысы мен басқарушысы, көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер Оқиға кәсіпкердің Шахтинскідегі балалық шағынан басталып, Қазақстандағы алғашқы кәсіп қадамдарына ұласады. Содан соң әңгіме шекара асып, АҚШ-тағы бизнес және оның сынақтарына жалғасады. Франшиза тәжірибесі мен стратегиялық шешімдер нақты мысалдармен айтылады. Асхат мырзаның өмірлік жолы тек кәсіпкерліктің мүмкіндіктерін ғана емес, арманды елестетіп қана қоймай, оны жүзеге асыруға болатынын дәлелдейді. Подкаст авторы: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram және Instagram арналарының авторы Таймкодтар: 0:01 Тизер 2:35 Спикермен танысу 4:10 Балалық шақ: Шахтинск қаласында өткен уақыт 7:09 Лицейге түсу сәті 11:00 Емтихан сұрақтарының ерекшелігі мен логикалық ойлау 14:12 Алғашқы ұстаздар мен сыныптастардың ықпалы 16:53 Балаларды білім-инновация лицейлеріне беру тәжірибесі 19:13 Кәсіпке ең үлкен ықпал еткен фактор 21:26 Олимпиадалар мен бақылаулар: үздіксіз даму мектебі 23:26 Сынып жетекшінің қолдауы 27:12 Кәсіптің басында не маңызды: процесс пе, табыс па? 30:06 Алғашқы кондитерлік өнімдер мен кәсіптің басталуы 33:50 Кәсіптің әкелген алғашқы табыстары қалай сезілді? 34:57 Жас кәсіпкерлер жиі жасайтын қателер қандай? 36:45 Біз бастаған кезде кеңес сұрайтын кәсіпкерлердің болмауы 38:05 AlmaU бизнес мектебіндегі оқу тәжірибесі 40:52 Қандай стратегиялық маңызды шешімдер қабылданды? 42:25 АҚШ-та кәсіп бастаудағы алғашқы сынақтар 43:48 Қазақстандағы франшиза және франчайзилермен жұмыс 46:13 Құндылықтарды командаға жеткізу. Жезқазған франчайзилерінің тәжірибесі 51:00 Бірдей рецепт – әртүрлі нәтиже: себептері 53:11 Америкалық қызметкерлердің менталитеті 56:07 АҚШ-тағы шағын және орта бизнес нарығы, еңбекақы шығындары 58:34 АҚШ франчайзилеріне қойылатын талаптар 1:01:22 Бизнес-аналитика және деректердің рөлі 1:03:28 Қорытынды Біздің парақшаларға жазылыңыз Instagram: / energy_analytics Linkedin: / analytics-energy Telegram: https://t.me/EnergyAnalytics