G
enby!

Қазақстандағы үш алып кен орны: СРП (PSA) туралы не білу керек?

Қазақстанның энергетика саласы әлі күнге дейін үш ірі жобаның – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтың айналасында негізделеді. Бүгінгі эпизодта қонағымыз - Нұрлан Жұмағұлов, мұнайгаз саласының сарапшысы, Energy Monitor қоғамдық қорының директоры, Energy Monitor Telegram арнасының авторы Подкастта СРП (Өнімді бөлу туралы келісім) дегеніміз не, оның еліміздің заңнамасынан не себепті алынып тасталғаны және оның ерекшеліктері туралы сөз қозғаймыз. СРП-мен істейтін жобалардағы салық салу ерекшеліктері мен инвесторлар үшін кездесетін рисктерді атап өтеміз. Қашағандағы Қазақстан үлесін арттыру неге оңай емес? Еліміздің үлесін жобада кеңейту үшін қандай нақты шарттар орындалуы керек? Жобаның келешегі қандай болмақ? Теңіз жобасы неге СРП емес? Қарашығанақ жобасының ерекшелігі қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрдік. Сонымен қатар, газ бағасының өсуі, келісімшарт мерзімдері аяқталғаннан кейін не өзгеретіні, және акционерлер арасындағы бәсеке мен көшбасшылықты атап өттік. Подкастымыз тек мұнайгаз саласының мамандарына ғана емес, сондай-ақ ел экономикасына бей-жай қарамайтын кез келген адамға пайдалы болады деп үміттенеміз. Подкаст жүргізушісі: Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram арнасының және Energy Podcast Youtube арнасының авторы Таймкодтар: 0:00 Подкаст тизері 2:29 Подкасттың басталуы, кіріспе 4:23 СРП дегеніміз не? Тарихы және құқықтық ерекшеліктері 8:55 Неге СРП келісімшарттары заңнамалық деңгейде алынып тасталды? 11:41 Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ: салық салудағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер 15:44 Қашағандағы Қазақстан үлесін арттырудың үш шарты 19:37 Ішкі және сыртқы нарыққа шығатын инвесторлар және салық режимі 22:12 Аталған үш шарттың қайсысы бірінші орындалады? 25:30 Қашаған әлеуеті толық ашылып жатыр ма? 30:44 Теңіз жобасының ерекшелігі - неге бұл СРП емес? 33:40 Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ: даму кезеңдерінің орындалуы қандай? 38:30 Үш ірі кен орнындағы акционерлердің тәуекелдері 41:30 Қазақстанның газ саласы: бағаның өсуі және газ өңдеу зауыттарына сұраныс 44:05 Үш ірі кен орнындағы келісімшарт мерзімі аяқталған соң не өзгереді? 47:12 Қазақстандағы ескі кен орындарының қазіргі жағдайы 49:42 Қашаған жобасының болашағы қандай болмақ? 52:33 Үш ірі кен орнындағы акционерлер арасындағы көшбасшылық 58:13 Болашақта СРП келісімшарттары қайта оралуы мүмкін бе? 1:00:42 Подкасттың аяқталуы, қорытынды Біздің парақшаларға жазылыңыз: Instagram   / energy_analytics   Linkedin   / analytics-energy   Telegram https://t.me/EnergyAnalytics

Смотрите также