Халыққа ұнамайтын шешімдер: Тоқаев қатесін түсінді ме?
«Бес тиынның» кезекті эпизоды елдегі салық реформасына арналады. Жаңа кодекс 2026 жылы күшіне енеді. Қосымша құн салығы 16%-ға көтеріледі. Оны төлейтіндер саны артады, өйткені, бұрын табысы жылына 78 млн теңгені құрайтындар ғана ҚҚС төлесе, енді, жылдық табысы 39 млн теңге бизнес те ҚҚС төлеуге міндетті. Бұл тауар мен қызметтің қымбаттауына алып келеді. Басқа да өзгерістер бар. Ол жеңілдетілген салық режиміне кіретін кәсіптердің санының қысқаруы. Тап қазір елде осы мәселеге қатысты қызу талқылау/қарсылық жүріп жатыр. Осы орайда, кәсіпкерлер мүддесін қорғап жүрген депутат Айтуар Қошмамбетовті әңгімеге тарттық. ✅“БЕС ТИЫННЫҢ” бас серіктесі НАРЫҚ медиа ресурсы