Оқушы үшін қашанғы мұғалім таяқ жейді? Блогер директорлардан «бәле» шыға ма? – Асхат Аймағамбетов
Adal ADAM youtube арнасының кезекті кейіпкері – Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов. Билікте жүріп шындық айту қаншалықты қиын? Популист депутаттар көбейіп кеткен жоқ па? Халық заңға неге сенбейді? Бүгінгі саясаткердің басты капиталы не? Қазақстанды алдағы 20 жылда не құтқарады? Фармацевтикадағы былықтардың басында кімдер тұр? Рилс түсіретін мектеп директорлары мектептің беделін арттыра ма? Жекеменшік мектептер білім саласына жәрдем берді ме, әлде бизнес құралға айналды ма? Мектептерде смартфон қолдануды неге толықтай шектей алмай отырмыз? Оқушылар тәртіп бұзса, неге директорлар мен мұғалімдер «таяқ жей» береді? Аймағамбетов депутаттықтан кетсе, қайда барады? Сұхбатта осы және басқада сұрақтар сараланды. #АсхатАймағамбетов #қазақстанмұғалімдері #Мұғаліммәртебесі #РинатЗайыт #ҰБТ Видеоны тайм-код арқылы көру 00:00 Тизер 02:30 Билікте жүріп шындық айту қаншалықты қиын? 06:09 Мәжілістегі «популист» депутаттар туралы 09:56 Заң бар, бірақ ол жұмыс істемейді 14:51 «Мектеп салуға берген ақшаны басқа мақсатқа жұмсаған» 16:41 «Білім саласында 16 млрд теңге тиімсіз жұмсалған» 22:44 Бүгінгі саясаткердің басты капиталы не? 25:04 Қазақстанды алдағы 20 жылда не құтқарады? 26:39 Фармацевтикадағы былықтар, медицинадағы масқаралар 37:29 Фармацевтикалық мация бар 40:40 Білім саласында тиктокер, блогер директорлар көбейгені қаншалықты дұрыс? 43:27 «Баламды рилсқа түсіруге рұқсат етпеймін» 48:16 Жекеменшік мектептер бизнес құрал ма, әлде өз миссиясын сапалы орындап жатыр ма? 52:05 Мектептерде смартфон қолдануға мүлде тыйым салу керек пе? 55:47 «Мен балаларыма үйде телефон бермеймін» 59:37 Жасанды интеллект туралы 1:01:33 Оқушы бұзықтық жасаса, неге директор мен мұғалім «таяқ жейді»? 1:06:07 Еркектер қорғансыздың күйін кешіп жатқан жоқ па? 1:10:49 Жұмыссыздық көрсеткіші: Билік қазір неге шыншыл бола қалды? 1:15:32 Болашаққа ұрпақ алдында парыздарыңызды өтеудің орнына, қарызды мұра ғып қалдырып бара жатсыздар ма? 1:17:22 Экономика 6 пайыз өсті дейміз, бірақ бәрі қымбат. Сонда қайдағы даму туралы айтып отырмыз? 1:20:57 Қазақ тілі қайтсе дамиды? 1:27:57 Аймағамбетов депутаттық кетсе, қайда барады?
Смотрите также
