Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты
Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметтерін абыроймен аяқтаған 400-ден астам сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімін өткізді. Айтулы шараға бригада командирі подполковник Даулет Секенов, гарнизон бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Айбек Бодан, Кербұлақ ауданының құрметті азаматы Ауған соғысының ардагері отставкадағы майор Шерғали Нұрғалиев және бөлімің офицерлері мен сержанттары және сарбаздары қатысты. Саптық алаңда сақадай сап тізілген мерзімдік әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды бөлім командирі подполковник Даулет Секенов, маңызды іс-шарамен құттықтады. Салтанатты іс-шара барысында штаб бастығы подполковник Айбар Абайұлы жеке құрамға шақыру бойынша ерекше көзге түскен сарбаздарды көтермелеу туралы бөлім командирінің бұйрығын жеткізді. Сондай – ақ, қызмет өткеру кезінде жауынгерлік әзірлікті жіті меңгерген және антына адал болған біршама сарбаздарды алғыс хатпен және грамотамен марапаттады. Ал кейбір сарбаздардың ата-аналарына алғыс хаттар жолданды.