Артиллерия бөлімінің жеке құрамдары әскери техникаларды жүргізуді меңгерді.
Сарыөзек гарнизонында орналасқан 29108 әскери бөлімнің жауынгерлік жоспарына сәйкес, бөлімнің оқу полигонында жеке құрам әскери техникаларды жүргізуді меңгерді. Жүргізушілердің қозғалыс барысында түрлі жол жағдайлары орын алып, жолдағы кедергілерден өтіп, шеберліктерін шыңдады.