Арал ауданы, Бөген ауылы - Нұржан Ишан Ата Мешіті ашылу салтанаты, №20 мектеп жайында - 2007 жыл.
Қызылода облысы, Арал ауданы, Бөген ауылындағы "Нұржан Ишан Ата" атындағы мешіт ашылуы тарихынан естелік! 🕌2007 жылдың 19 қазан күні Қызылорда облысы бойынша ,шығыс үлгісімен әрленген, ең алғашқы үлкен мешіт - Арал ауданы Бөген ауылында бой көтереді. 🗓️Осы күні Бөген ауылының түлектері, ауыл ақсақалдары, тұрғындары жер-жерден жиналып, Нұржан Ишан Атаның ұрпақтары атсалысуымен бой көтерген Алла үйінің ашылу салтанатын өткізеді. Сонымен қатар, бейнежазбада 2007 жылғы "№20 З.Шүкіров атындағы орта мектеп" өмірі көрсетіліп өтеді.🏢 Осы секілді сауапты істер тарих беттеріне үлкен әріптермен жазылып көбейе бергей!🤲🏻