G
enby!

Арал ауданы Бөген ауылы - Нұржан Ишан Ата Мешіті тарихынан - Мәуліт айынан естелік архив !

🤲🏻Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед ﷺ Пайғамбардың туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Бұл – дінде әу баста болмаған, кейіннен енгізілген нәрсе. Әйтсе де, көпшілік ғұламалар мәулітті бидғат хасана, яғни құптарлық жақсы жаңалыққа жатқызады. Оған нақтылы дәлелдері де бар. 🕌Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз. Ал, қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз Пайғамбардың ﷺ туған күнін атап өту бәрінен гөрі лайықтырақ емес пе?! Қазіргі біздің жағдайымызда Мәулітті атап өту тіпті міндетті десек те болады. Себебі, басқаны қойғанда мұсылмандардың өзінің арасында өміріндегі басты идеалы болуы тиіс. Пайғамбардың ﷺ аты-жөнін де жөнді білмейтін, діни ұстанымдарын дұрыс түсінбейтін жандар бүгінде жетерлік. Сондықтан Мәуліт мейрамының аясында біз Пайғамбар ﷺ туралы, Оның алдындағы міндеттеріміз, сүннетін сақтау жайында мешіттерімізде, іс-шараларымызда, жиындарымызда жалпы халыққа молырақ мағлұмат беріп, дініміздің тағылымдары жайлы үгіт-насихат жүргіземіз. Осындай зор мүмкіндікті бос жібермей, орнымен пайдалануға тырысамыз. Расында, бұл – дінімізді насихаттаудың, жас ұрпақты имандылыққа, жақсы мінез-құлыққа шақырудың орайлы бір сәті. Әлемдердің Раббысы Пайғамбардың ﷺ сипаты туралы: وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ 🤲🏻«Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік»,[1] – дейді. Ақиқатында, Алла Елшісі ﷺ жаны жай тапқанша үмметіне деген үгітін еш үзбеді. Көңілдердегі кірді, қайғы-қасіретті кетірді, әлсізді демеді, шектен шыққанды сабасына түсірді, күллі адамзаттың рухани әлемін дүр сілкіндірді, зұлымдық пен надандықтың қараңғылығын сейілтті, ізіне ерген ізгілерді жасампаздыққа, жарқын болашаққа бастады. Артындағы бізге пәни дүниеде бағдаршымыз болатын Құдай Тағаланың кәләмі Құран Кәрім мен Өзінің ﷺ сүннетін – түні де күндей жарқыраған, рухани соқырдан өзге жан адаспай табатын сара жолды қалдырды. Оны ﷺ досымен қатар дұшпаны да мойындады. Есімі аталғанда еріксіз құрметпен бас иді. Оның ﷺ бетіне басатын ешбір айыбын, кемшілігін таба алмады. Сөзі мен ісінің шынайылығына қарсы ешбір уәж айта алмады. Өйткені, Ол ﷺ – екі дүниенің сардары, әлемдерге жіберілген иләһи рақым нұры, адамзат ұрпақтарының ішіндегі ең абзалы, Жаратқан Иенің ең сүйікті құлы әрі ардақты Елшісі.

Смотрите также