G
enby!

Арал ауданы Бөген ауылы - Нұржан Ишан Ата Мешіті ашылу салтанатынан естелік-архив !

🤲«Заман да жел сияқты араға уақыт салып өзгеріп тұрады. Елге еркіндік беріліп, дін-ислам салтанат құрады. Құдайды бір,Пайғамбарды хаһ деп білетін ұрпақ біз бастаған игі істерді әрі қарай жалғастырады.» - деген Нұржан Балғабайұлы. 🗣Атамыздың айтуындай үлкен ісін кіші жалғастыруға бел буып бастаған ісіміз осы. Сіздердің қолдауларыңызды күтеміз!🤲 🗺Сыр бойы дін ғұламаларының ішіндегі көрнекті тұлғаларының бірі - Балғабайұлы Нұржан Ишан 1840 жылы Арал ауданы Бөген ауылының «Қосуақ» елді мекенінде дүниеге келіп, 1922 жылы 82 жасында дүниеден өтті.Балғабай бабаның жалғыз ұлы Нұржан Ишан бес жасында тілін сындырып арабша дәріс алып, өзінің зеректігін білдірген. 👨‍👦Әкесі баласының зеректігін байқап ,1847 жылы жеті жастағы Нұржанды Бұхарадағы медресеге жіберген. Бұхара қаласы Таяу Шығыс пен Орта Азия ғұламалары бас қосатын іргелі діни орталық болған. 📍Нұржан Ишан медреседе 13 жыл оқып, «Ишан» дәрежесіне жеткен. Арыстан Баб пен Әзірет Сұлтанға зиярат жасап,1860 жылы20 жасында «Ишан» атағын алып туған елі Арал ауданының Бөген ауылына оралады. Нұржан Ишаннның негізгі қонысы Сырдария жасағындағы «Қатпа көл», «Көтерме» және «Қосуақ» елді мекендері болған. 🕌 🤲Ишан 1860 жылы 20 жасында «Қосуақ» деген қонысқа өзі бас болып, қыш кесектен мешіт тұрғызғын. Жас Ишанның өзі ағаштан түйін түйетін ұста болған. Мешіттің босағасы мен есік, терезесін,кесектері имен жақтауларын, адал бақандары мен кебеже-кереуеттерін ағаштан өзі оюлапөрнектеп жасаған. ✔Мешіт салу кезіндегі аңыз-әңгімелерге қарасақ, Ишан тегін кісі болмағанын байқаймыз. Ағаштарды дариямен сал қылып ағызып отырған. Ишанның төбесінде аққулар ұшып отырған деседі. Осы аққу қай жерге қонса, сол жерге мешіт салдырамын деген. Сонда аққулар «Қосуақ» деген жердегі биік басында қорымның төменгі жаныында, үй орнындай төбешік жерге келіп қонған екен, Аққулар қонған жерге Нұржан Ишан мешіт салған деген аңыз бар. 🌐Ишан Қосуақта азықтық дақыл түрлерін егіп, екінші ерлікке жол бастаған. Мал соңында жүрген ауылдастарын отырықшылыққа (егін егуге) бейімдеген. 🕌Атамыздың осы ісін өнеге тұтып 2006 жылы заманауи шығыс үлгісімен қос мұнарлы күмбез мешіттің құрылысы басталды. Бас демеушісі «Нұржан Ишан Ата» атандағы қайрымдылық қоры» Суханберлиев Амангелді бастаған Нұржан Ишанның шөберелері бас қосты. 2007 жылы 19-20 қазан күндері Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылында ашылу салтанаты өтті.

Смотрите также