ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Жаңа оқу жылының басталуына орай Шымкент қаласында балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды әрекеттерден аулақ болу мақсатында арнайы шара ұйымдастырылды.«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Прокурор сағаты» форматындағы кездесуге прокуратура және полиция қызметкерлері қатысты.Жиын барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау, қоғамға қауіп төндіретін әрекеттерден бойын аулақ ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.