САЯСИ ПАРТИЯЛАР ОЯНДЫ
Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысынан соң елдегі саяси партиялар қалың ұйқыдан оянды. Жолдауда айтылғандай, Парламент Сенатын таратып, 2027 жылы жалпыұлттық рефрендум өткізіп, бір палаталы Парламент құрмақшымыз. Ал Сайлау партиялық тізіммен өтпек. Яғни можаритарлық сайлау болмайды. Бір мандатты депутаттар ұғымы тағы да жойылады. Мұны естіген партиялар қатарын кеңейтіп, күш жинауға кірісті.