«ТАУ БАРЫСЫ»: ДЕМАЛЫС ПЕН ДОСТЫҚ ТОҒЫСҚАН ЛАГЕРЬ
Бүгінде Түркістан облысы еліміздегі туризм саласы ерекше қарқын алып келе жатқан аймақтардың біріне айналды.Табиғаты тамаша, тарихы терең өлкеде ішкі және сыртқы туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар. Солардың бірі – Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан «Тау барысы» туристік спорттық лагері. Жасыл желекке оранған шатқалдың саф ауасы мен мөлдір бұлақтарының сыңғырына бөленген лагерь – балалар үшін нағыз шаттық ордасы. Жаз бойы мұнда 1000-ға жуық жас өрен демалып, көңілді әрі мазмұнды күндер өткізді.«Тау барысы» лагерінде балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты назарда. Тәрбиелік мәні зор мәдени-спорттық шаралар, қызықты ойындар, тауға серуендеу, түрлі үйірмелер – бәрі де оқушылардың есте қаларлықтай демалыс өткізуіне жол ашады. Мұнда әрбір баланың шығармашылық қабілетін шыңдап, спортқа деген қызығушылығын арттыруға жағдай жасалған.Табиғат аясындағы тынығу – жас буын үшін тек демалыс қана емес, салауатты өмір салтын қалыптастырып, елжандылық сезімін арттыратын ерекше мектеп.