ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН СҰРАҚТАР: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ САЛҒЫРТТЫҚ ПЕН ОРЫНДАЛМАҒАН ШЕШІМДЕР
Шымкент қаласы білім саласына қатысты бірқатар түйткілді мәселелер ашық күйінде қалып отыр. Білім басқармасының жаңа мекенжайға көшуі жайлы нақты ақпарат дер кезінде берілмей, халық әлі күнге ресми түсініктеме ала алмай жүр. Ал мектептердегі ыстық тамақ қызметіне қатысты сот шешімінің орындалмауы да қоғамда сауал туғызуда. Жауапты мамандардан түсініктеме алу үшін бірнеше мәрте сұрау салынғанымызбен, мардымды жауап берілмеді.