«Басынан сүлгі орап суға батырып, тұншықтырады». Шымкент түрмесінде расында не болып жатыр?
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Шымкент түрмесінің қатаң тәртібі балаларымызды мүгедек қылады. Маңғыстаудан жеткен бір топ ата-ана ұлдарының түзеу мекемесінде азапталып жатқанын жеткізді. Айтуларынша, жазасын өтеушілерді колония қызметкерлері соққыға жығып, ойларына келгендерін істейді. Олар жақындарымыздың таяқ жеп, денелерінің көгергенін өз көзімізбен көрдік деп отыр. Бұл сұмдықтың бәрі Шымкенттің Nº53 түзеу мекемесінде болып жатыр дейді жиналған жандар. Жақындарының денесін кездесуге келгенде көріп, жағамызды ұстадық деп отыр. Түрме ішінде ауыр соққыдан қабырғасы сынған, бүйрегі зақымданған және тағы басқа жарақат алған жазасын өтеушілер көп дейді. ГҮЛФАЙРУЗ АХМЕТОВА, сотталушының туысы: Мен өзі жетісі күні кірдім осы айдың. Екі күндік кездесуге. Сол кезде жағдайын көрдім. Зорлық дегенде дубинка деген сияқты өзіңіз түсініп отырсыз. Басынан сүлгі орап суға батырып, тұншықтыру, тырнақтарының ортасына ине тығу, табанына ине тығу. Ұрып-соғу. Алақандарын арнайы затпен ұрғанда көздері қарайып кетеді дейді. Базынасын айтқан бұқараның барлығы Маңғыстаудан арнайы келген. 15 сотталушының туысы түзеу мекемесіне тексеріс жүргізу керек деп отыр. Басты талаптары жазасын өтеп жатқан жақындарын өзге аймаққа ауыстыру. АЙНҰР НҰРЖАНОВА, сотталушының туысы: Бәріне арызданып жатырмыз. Шағымданып жатырмыз. Біздің жазғанымыз қанағаттандырусыз қалдырылып жатыр. Ешқандай да қанағаттанатын жауап алған жоқпыз. Біздің Маңғыстаудың азаматтарын неге өзіміздің елде, батыс өңірінде ұстамайды? Неге Шымкентке жібереді? Ал, колония бастығы барлығын жоққа шығарды. Абақты ішінде зорлық-зомбылыққа жол бермейміз деп қысқа қайырды. БАҚЫТЖАН НЫСАНБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ Nº53 ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: Іште жағдай жақсы. Мен аптасына бір рет, екі рет обход жасаймын. Сотталғандарда қандай проблема бар. Кімде қандай сұрақ бар бәрін сол жерде шешемін. Сотталғандардың бәрі дін-аман. Ұрып-соғу фактісі жоқ. Бәрі жап-жақсы. Бұл жолы да көңілге қонымды жауап ала алмадық деген маңғыстаулықтар енді арыз-шағымдарын Астанаға барып, министрлікке жеткізбек. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық