Абай облысында қоңыр аюлар қаптап, төрт түлікке қырғидай тиген
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Абай облысында қоңыр аюлар қаптап, төрт түлікке қырғидай тиген. Жыртқыш аң қорадағы малдарды жайратып, шаруаларды шаш етектен шығынға батырды. Жарма ауданының халқы өздерінің қауіпсіздіктеріне де алаңдайды. Себебі, ашыққан жануар ауыл ішіне кіріп, адамдарға да шабуылдауы мүмкін дейді. Қазір арнайы құрылған комиссия аюды аулау және ату жұмыстарына кіріскен. Әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Мейрамғалым Жармағанбетов таң атпай қораға кіріп, төбе шашы тік тұрған. Себебі, қоңыр аю байлаулы тұрған төрт сиырын бұзауымен бірге жарып кеткен екен. Шаруа бұл бірінші жағдай емес дейді. Сондықтан қазір өріске тек қана қарумен шығатын болған. МЕЙРАМҒАЛЫМ ЖАРМАҒАНБЕТОВ, Қапанбұлақ ауылының тұрғыны: 24-те уже менің қорама түсті. Ақырғы рет мысалы бір ай бұрын менің тайыншамды жеді. Ол почти жазығы ғой. Мына Қапанбұлаққа қарай шығатын жазыққа қарай. Ал ертең ол ашықса ауылға кірмесіне кім кепіл береді. Жарма ауданының жұрты төрт түлігіне бұрын өз қауіпсіздіктеріне де алаңдап отыр. Олар қораны бұзып кірген жыртқыш аң адамдарға шабуылдай ма деп қорқады. НҰРБАНУ ЖІГІТЕКОВА, Қапанбұлақ ауылының тұрғыны: Мұнандай сұмдықты көрген жоқпыз әлі. Күзге дейін жататын малымыз, бұзауымыз жайлауда. Екі сиырымызды жеді, бес-алты бұзауымызды жеді. Малшымыз жүреді, өзіміз жүреміз қорқамыз өзімізге де шаба ма деп. Аю маза бермегенннен кейін малымызды көшіртіп, міне басқа жаққа әкеліп отырмыз. Тұрғындар бұл мәселені бірнеше жылдан бері айта-айта шаршаған. Сөздеріне сенсек, жағдай биыл ушығып, қырылған малда есеп жоқ. Ол аздай, ашыққан жануар тау бөктеріндегі омарталардың да тас-талқанын шығарыпты. Шенеуніктер арнайы комиссия құрылып, аюды аулау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. БЕРІК СӘМЕЖАНОВ, Жарма ауданы әкімінің орынбасары: Комиссия құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері, құқық қорғау органдары, тиісті басқарма басшылары, сондай-ақ мемлекеттік үлгідегі аңшылық куәлігі бар және қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар 28 азамат енгізілді. Жұмысты тиімді ұйымдастыру және жедел ақпарат алмасу мақсатында комиссия мүшелері үшін арнайы WhatsApp чаты құрылды. Мониторинг жүргізіліп отырады. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Халықты шошытқан аюлардың нақты саны да белгісіз. Белгілісі, шығынға батқан шаруаларға мемлекет тарапынан өтемақы төленбейді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық