Лайк үшін оқ атқан ба? Оқу ақысы. Риэлтор жұмысын заңмен реттеу / аптаға шолу
Бүгінгі бағдарламада көретіндеріңіз: Шымкенттегі экс-депутат Берденов сотта алғаш рет өз шындығын айтты – бұл жеке кек пе, әлде тереңірек бір астар бар ма? Мәжілісте педофилдерге қатысты жазаны қатаңдату, соның ішінде химиялық кастрацияны қайта енгізу мәселесі қаралып жатыр. Ал университеттердің оқу ақысы шарықтап, білім қолжетімділігін шектей бастады – кейбір оқу орындарында баға 2 миллион теңгеге жеткен. Үкімет отырысында Қанат Бозымбаев инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлік даму мен су ресурстарын басқаруға бағытталған триллиондап қаржы бөлінетін жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, қара нарықта жұмыс істейтін риелторлардың әрекетінен пәтерсіз қалып жатқан азаматтардың мәселесі көтерілді – енді бұл сала заңмен реттелуі мүмкін. 00:00 – Бағдарламаның басталуы 00:05 – Аңдатпа: қатаң заң, қымбат білім, соттағы шындық 00:38 – Берденов ісі: экс-депутат мәлімдеме жасады 04:42 – Риелторлар дауы: қара нарық, алданған жұрт 08:44 – Педофилдерге қатысты жаза: кастрация қайта күн тәртібінде 12:35 – Үлкен ауылдағы АЭС: еліміздегі алғашқы атом электр стансасының құрылысы басталды 13:12 – Қымбаттаған университеттер: оқу ақысы неге шарықтап барады?